Абай нәр алған асыл арналар

  • 42

Бүгін еліміз ұлы ойшыл, философ, қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың туған күнін атап өтеді. Айту­лы күнге орай Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапханада «Абай нәр алған асыл арналар» атты кітап көрмесі ашылды. Бұл шара кемеңгер ақынның 166 жыл­дығына арналып отыр. Көр­ме­ге кітапхананың сирек қорынан алынған, заманын­да Абай Құнанбайұлы оқы­ған кітаптар қойылды.
Мұндағы ең көне кітап – 1786 жылы жарыққа шыққан Михаил Херасковтың екі томдық эпостық жырлары және 1790 жылы басылған Витрувий Полонийдің «Архи­тектура» атты еңбегі.
Еліміздегі ең көне кітапханада ашылған көрме ақын Абай оқыған дүниелерді қамтығандығымен маңызды болып отыр. Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапха­наның оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Анар Оспанованың айтуынша, ұлы ойшыл Семейдегі алғашқы қоғамдық кітапхананың оқырманы болған. Ол туралы Америка журналисі Джордж Кеннан Сібір түрмелерін зерттеу мақсатын­да 1885 жылы Семей өңіріне жасаған саяха­тынан жазған кітабында атап өткен.
Ақынның туған күніне орай кітапхана қызметкерлері сирек қорда сақталатын кітаптар көрмесін жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған.
Көрмеде Абайдың белсенді қоғамдық қызметпен айналысқандығын да дәлел­дей­тін құнды құжат бар. Ал «Абай және әдебиет» бөліміне Абай сусындаған Шы­ғыс пен Батыс, орыс әдебиетінің шығар­ма­лары қойылыпты. Кітапхана ұйымдас­тырған көрмеде Пушкиннің, Толстойдың, Жуковскийдің, Крыловтың шығармалары және Гетенің, Гейненің, Шиллердің, яғни Батыс Еуропа классиктерінің үздік шығар­малары да көрермен назарына ұсынылып отыр. Кітапхананың алтын қорында кемең­гердің қытай, корей, қырғыз, өзбек, ағыл­шын, араб және орыс тілдеріне аударылған еңбектері бар. Осы жолғы көрмеге 50-ден астам кітап қойылды. Кітапхана қызмет­кер­лерінің айтуынша, ұлы ойшылдың ту­ған күніне орай өтетін бұдан басқа да түрлі шаралар тамыз айының 23-іне дейін жалғаспақ. Ал Абайдың әдеби-мемориал­дық мұражайы ақынның туған күнін тамыз­дың 23-і күні атап өтпек. Бұл күні киелі қа­ра шаңырақта әдеби кеш, тағы басқа түрлі шаралар өтеді деп жоспарланған.

Автор
Последние статьи автора
  • 333
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 478
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста