Жеті мәйітке жан берген пір баба

Ел арасында ерекше қасиет дарыған даналар аз болған жоқ. Біздің халқымыз оларды жадынан өшірмейді. Кейбірі ертеде ғұмыр кешсе де, олардың есімі бүгінге дейін аңыз болып айтылады. Солардың бірі – Мүсірәлі бабамыз.

 

Қазақта пір деп айрықша адамды айтады. Бабамыздың үш жүздің пірі атануы тегіннен-тегін болмаса керек-ті. Діндар болған қасиетті жан жұрттың арасында үлкен қошемет иесі атанған. Ислам жамағатының қастерлі Құран кітабының «Бақара» сүресінде пір деген ұғымға түсінік берілген. Онда «Алла хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік тарту етілмек. Оны ақыл иелері ғана түсіне алады» деп көрсетілген. Ендеше, Сыр топырағында өмір кешкен Мүсірәлі сопы әзіз ерекше қасиет дарыған адам болғанын аңғару қиынға соқпас.

 

1680 жылы Күлтөбе басында үш жүздің жұрты Тәукені хан етіп сайлайды. Осыдан кейін бүкіл қазақтың басын қоса білетін пірді сайлауды дұрыс көреді. Бұл сәтте елдің таңдауы Мүсірәлі бабамызға түседі. Бұлай болуы тегіннен-тегін емес. Үш жүздің билері сынақтан өтеді. Дегенмен Мүсірәлі бабамызға халықтың ықыласы ерекше ауады. Өйткені жұрттың арасында «Жеті адамға жан берген» деген аңыз жиі айтылатын.

 

Тәуке ханның тұсында қазақтың «Жеті жарғысы» өмірге келді. Оны дайындауға беделі биік, абыройы асқақ азаматтар белсене атсалысты. Солардың қатарында Мүсірәлі бабамыз да болған. Ханның жанында елдің діни сенімін нығайтуда дін қайраткерінің өз орны болды. Себебі Құран Кәрімде жазылған тәртіпті негізге ала отырып, ел басқарудың жарғысын дайындау кезек күттірмейтін мәселенің бірі саналды. Дала заңы саналған «Жеті жарғының» алғашқы бөлігінде «Халықтың ханы, сұлтаны, пір әзіреті қастықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін» деп атап көрсетілген. Осыдан-ақ пір әзіреттің орны қандай деңгейде екені аңғарылып тұр.

 

Халықтың арасында әлі күнге дейін айтылатын жеті өлікке жан беру қасиеті жайына тоқтала кетелік. Түркістан шаһарында медреседе білім алып жүрген Мүсірәлі бабаны әкесі Жәдік еліне алып келе жатқан кезі екен. Жолай қорым басына жиналған жұртты көреді. Олардан кімнің қайтыс болғанын сұрайды. Пәни-ден өткен адам сол күні таң ата өмірден өткен екен. Сол уақытта қазақ өліктің денесі суымай жатып, жер қойнына беретінге ұқсайды.

 

Осы сәтте Мүсірәлі бабамыздың ерекше қасиеті байқалады. «Бисимиллаһир рахманир-рахим» деп қолымен әлгі қайтыс болған адамның денесін сипап өткенде өлікке жан бітеді. Жақын туысын жерлеуге келген жұрт қайта тірілген бауырларын қастарына ертіп, үйлеріне алып қайтады. Жиналған жамағат Мүсірәлі бабамыздың айрықша адам екенін ұғынады. Дәл осындай жағдай біршама уақыттан кейін тағы да қайталанады. Қасиетті жанның бала кезі екен. Ауыл сыртында өз құрдастарымен ойнап жүреді. Сол уақытта ауыл ішінен жылаған дауыстар естіледі. Бабамыз оның мәнісін сұрайды.

 

Сонда естияр болып қалған бір бала «Біздің ауылда бір жесір кемпір бар. Сол кісінің ауру қызы бар еді. Әжеміздің сол қызы бүгін қайтты» дейді. Бала Мүсірәлі сол үйге тезірек жетеді. Мәйітті бөлек қойған екен. Бала мәйіттің қасына баруға рұқсат сұрайды. Үлкендер қорқып қалмасын деп алғашқыда мұрсат бермейді. Ақырында ортақ шешімге келеді. Мүсірәлі бабамыз медреседе имам берген таяғымен әлгі қайтыс болған адамды түртіп қалған кезде бойжеткен ауруынан құлан-таза айығып, қатарға қосылған екен. Арада біршама уақыт өткенде абыз атамыз тағы да бір қаралы үйге тап келеді. Ол шаңырақта бес бірдей баласы өмірден өтіп, әлгі отбасы қайғыдан қара жамылыпты. Дұға оқып, бес мүрденің денесін сипаған сәтте олардың барлығына жан бітіпті. Осылайша діндар бабамыз «Жеті өлікке жан берген Мүсірәлі» атанған деседі көнекөздер.

 

Аты аңызға айналған абыз бабамыз сексен жылға жуық ғұмыр кешкен. 1639 жылы жарық дүние есігін ашқан ол кісі 1721 жылы өмірден өтеді. Бала жасынан зерек болып өскен Мүсірәлі бабамыз 1650-1660 жылдар аралығында Түркістан шаһарындағы медреседе білім алады. Сонда жүргенде оның алғырлығы мен білімділігін ұстаздары байқайды. Медреседе шәкірттерге дәріс беруге қалады. Білімдарлығы арқасында «ахун» дәрежесіне ие болады. Одан кейін де білімін жетілдіруді қалайды. Бұл жайында түрліше жорамалдар айтылады. Кейбір ғалымдар Мүсірәлі баба Бағдат, Басыра шаһарларында сопылық ілімнің қазынасын игерді дейді. Ендігі бірі алты жасынан Үргеніш қаласында мұсылманша хат таныған деп болжам жасайды. Содан соң Ауғанстандағы Мазари Шариф, Ғазия кенттеріндегі сопылық ағымдағы оқымыстылардан тәлім алған деседі.

 

Мүсірәлі бабамыздың ұрпақтары да әулие кісілер болған екен. Ол кісінің кіші әйелі Мәриямнан Қосым атты ұл дүниеге келеді. Бұл баласы он сегізінші ғасырдың шамасында Кіші жүзге пір сайланады. Елдің бірлігі мен татулығын сақтауға күш салады. Одан туған Әбужәлел де елдің ықыласына бөленген жан болған екен. Бірқатар дерек көздерінде ол кісі де пір болған деген әңгімелер айтылып қалады. Нұралы ханның тұсында ел арасында озбырлық қатты күшейіп кетеді. Оның мұн-дай қатыгездігі халық арасында абыройлы адамдардың жанын ауыртады. Кіші жүздің 50-ден астам биі Екатерина ІІ-ге арнайы хат жазады. Оларды ұйымдастырған, арызын бекітіп, қол қойған адамдардың көшбасында Сырым Датұлы мен Әбужәлел Қосымов болған екен. Мүсірәлі бабаның шөбересі Нұрмұхаммед Орынбор шекаралық комиссия жиналысына депутат болып, қазылық жасаған екен.

 

Қашаннан дін жолында тер төккен абыз бабалар халықтың ауызбірлігін сақтауға белсене араласты. Сондай тұғырлы тұлғамыз – Мүсірәлі бабамыз жайында күні бүгінге дейін аңызға бергісіз әңгімелер айтылады.

 

 

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста