Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
Жақсы көйлек кисе - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
Өзінің өліп қалғанын көрсе - онда өңінде ұзақ жасайды.
Кісі әйелдің қойнында жатса - онда өңінде оның дәулеті артады.
Тыржалаңаш жүрсе - өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
Басына тәж кисе - онда ол өңінде байлыққа ие болады.
Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау - бақытты болудың нышаны.
Жылаған болса - өңінде қуанады.
Аспанда тұрған айды көрсе - өте жақсы белгі, мұратына жетеді.
Күнді көрсе - мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
Жұлдыздарды көрсе - балаларының дәрежесі жоғары болады.
Өзен көрсе - кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.
Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың белгісі.
Қызыл гүл көрсе - онда өңінде бай болады.
Бал арасын қуып жүрсе - өңінде пайдаға жолығады.
Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
Суда жүзіп жүрген балықты көрсе - адам өңінде перзент сүйеді.
Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе - онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
Үйіне түскен ұрыны көрсе - онда ол өңінде табыс табады.
Шашын алдыратын болса - онда ол өңінде кедейленеді.
Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
Үйленген болса - тілеп жүргеніне жетеді.
Алтын көретін болса - онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.
Жағымсыз иіс - өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
Қолын жуса - өңдегі мазасыздықтан арылу.
Көпірден өткен кісі - өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
Әлдекімді ұрып-соқса - онда дұшпанын кекетеді.
Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе - жақсы нышан.
Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе - жаман.
Тісін сындырып алу - өңде досын жоғалтып алу.
Ақ түсті киім кисе - онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.
Сары түсті киім кисе - онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
Қызыл түсті киім кисе - онда ол өңінде ел билеген болады.
Қара түсті киім кисе - өңінде қайғыға ұшырайды.
Құс ұстап алатын болса - онда ол өңінде үйленеді.
Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
Қыранды көрсе - дәрежеге ие болады.
Көгершінді көрсе - өңінде оның ісі оңғарылады.
Ақ қоян енсе - онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе - онда қыс жайлы болады.
Ит қабатын болса - өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
Ас ішсе - өңінде мол дәулетке ие болады.
Ет жесе - өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.
Балық ұстап немесе жеп жүрсе - өңінде дәулеті артады.
Жылан қуса - әйелдердің арбауына түседі.
Сақалы ағарса - ауруға ұшырайды.
Үйі құлағанын көрсе - ұрыс-керіс болады.
Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады.
Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
«Түсті көруінен емес - жоруынан қорық» демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы - түсімізді тек жақсылыққа жори білейік!
Түс көрсеңіз, жақсылыққа жорыңыз
Последние статьи автора