Спортшы жігіттің жолын байланған жезөкше қыз

Спортшы жігіттің жолын байланған жезөкше қыз

Біздің ауылда Ерден (есімі белгілі себептермен өзгертілді) деген спортшы болған. Кеңес Үкіметі кезінде ұлттық спорттан республикалық жарыстарда жеңіп жүрген елге белгілі адам екен. Жас кезінде ат құлағында еркін ойнаған ақсақалдың өмірінде бір үлкен өкініш бар көрінеді. Оны сол Ерден атаның өз аузынан естіген әжем айтып еді.

 

Кеңес Үкіметі кезінде жезөкшелер үйі, жезөкшелер ұяшығы, жалпы жезөкше деген ұғым қазіргідей кең таралмаған еді ғой. Тек еркектердің кейбір жолдасы жоқ әйелдерге баратыны болмаса, отбасы қүндылықтары берік сақталған кезең емес пе еді?

 

Ерден өзі палуан, өзі шымыр, келісті жігіт, бүкіл ауыл сыйлайтын азамат еді. Бірақ ол сол аулыдағы бір жалғыз басты, ел «бұзылған қатын» атап кеткен Бағила деген әйелге барады екен кейде.

 

Бірде Ерден спорттық жарыстан жеңіп, бүкіл одақтық жарысқа баратын болыпты. Жарыс одақтас республикалардың бірінде өтеді екен. Содан одақтық жарысқа баратынына масаттанған соң ба, неге екені Ерден жолға шығатын күні Бағиланың үйіне түнепті. Алыс жолға сол Бағиланың үйінен аттаныпты. Сонымен не керек, таулы республикалардың бірінде өткен бүкіл одақтық жарыста Ерден қарсыласынан оңбай жеңіледі. Онымен қоймай, елге еңсесі түсіп, біртүрлі боп оралады.

 

Содан кейін Ерденнің спорттағы жолы жүрмейді. Кездескен қарсыластың бәрінен жеңіле береді. Сөйтіп, спортты біржолата тастаған екен.

 

«Қарақтарым, отбасы тазалығын сақтаңдар. Жарларыңа адал болыңдар. Мен өмірімде үлкен қателік жасадым. Жарысқа барарда бұзылған әйелдің үйіне түнеп, содан жолым байланды. Одан кейін қанша талпынсам да спорттағы жолым жүрмей қойды. Ер адам жеке бас тазалығын сақтап жүру керек» деп, қартайған шағында бата сұрап барған жас жігіттерге өсиет етіп айтып отырады дейді, Ерден ақсақал...

 

 

 

Айғаным Біртуар

qamshy.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста