Өмірде не болмайды дейсіз… Адам сенгісіз әртүрлі оқиғалар орын алып жатады. Тағдырдың тарамыс жолдары талай жандарды тепкіге салады. Бір өмірде болған оқиға айтайын. Әңгіме газет бетінде жарияланған. ...Әжемнің ауылында анасымен баласы тұрыпты. Жігіттің өзгелерден ерекшелігі, біріншіден гармонда керемет ойнайды, екіншіден летаргиялық ұйқыға жиі кетіп апталап тіпті екі аптадай ұйқтайды екен. Анасы осыны білетіндіктен мұндайда қатты уайымға салынбайтын. Содан бір күні осы жігіт қалғып ұйықтағаннан үш апта бойы ұйқтап оянбайды. Сол біо жылдары ауылда дәрігер атауы болмайтын. Аня деген әжейді емші санап, барлығы содан кеңес алатын. Үш апта ұйқтаған жігіт қатты азып жүдеп, солып қуарған түрін көрген Аня әжей оны өлдіге санайды. Барлығы сөзіне құлақ асып, жігітті қара жердің қойнына тапсырады. Жақсы киіндіріп, жанына гармонын қояды. Түнде жігіттің қымбат костюмін шешіп алу үшін моланы қазуды жоспарлаған қарақшылар табыттың шегелерін суыра бастағанда ыңырси шыққан дауысты естіп қаша жөнеледі. Жігіттің дәл осы мезетте оянуы тағдардың ісіме кім білсін? Ол табыттың қақпағын ашып, бостандыққа шығады. Қолына гармонын алып үйіне келеді. Есік қақса анасы ашпайды. Ол өзінің ұлы екенін айтып қанша жалынсада сенбей ашпайды. Анасы елес мазалап келіп тұр деген оймен: “Жоғал бұл арадан әйтпесе атамын”-деп айқай салады. Сол кезде ұлы гармонмен анасы сүйіп тыңдайтын әндерді орындайды. Алайда көңілі одан әрмен жабырқаған әйел оны атып жібереді. Таңертең анасы есіктің алдында қанға боялып жатқан ұлын көреді, жанында гармоны жатыр. Сол мезетте әйелідің шашы ағарып кетеді. Ұлын қайтадан жерілеген соң өзіде бұл дүниеде тұрақтамады. Кешкісін оны ұлының бейітінің жанында өліп жатқан жерінен табады
Өлгендер қайтып келмейді...
Последние статьи автора