«Зұлмат заман келе жатыр, құл-құтан көтеріліп, ылғи жалаңаяқтар ел басқарып, қаныңды судай шашады.
«Жылан тақыр» боласыңдар. Көмусіз адам көбейеді.
Қырғын соғыс болады. Жесір көбейеді. Соғыста ұтасыңдар. Сөйтіп, көрер көзге жарқын, бірақ іштей іріп жатқан бір заман басталады. Көлік төрт дөңгелекті темір болады.
Аспан жол болады. Бір үй орыс, бір үй қазақ болып отырасыңдар. Олар жерлеріңді тартып алады.
Көшіремін деп әуре болмаңдар, жетпіс жылдан соң өздері көшеді. Имандылық азаяды. Өнеге тозады, қасиет азады.
Жастар ит ішпейтін сусынға құмар болады. Еркек үйшіл, әйел базаршыл болады. Қатын ел билейді.
Қысқа етікті көйлек киіп, есек тұяқты етікпен жүреді. Қатын жіберу көбейеді, әйел еркекті сыйлаудан қалады.
Тірі жетімдердің саны артады.
Бірақ осының бәріне ертелі-кеш Алланың бір тыйымы болады» – атақты жұлдызшы Бекасыл әулие өмірден өтерінен аз бұрын осылай деген екен.
Мұхиддин Исаұлы
Белгілі дінтанушы ғалым, автордың Фейсбуктегі парақшасынан