60 жыл жуынбаған адам (фото)

Ирандық Аму Хаджидың жасы 80-де. Тұрақты мекен-жайы жоқ қарияның денесіне 60 жылдан бері су тимеген, яғни жуынбаған. Терісі адамнан гөрі кесірткенің немесе пілдің терісіне ұқсайды. Ал, көздерін анықтап қарамасаңыз көру қиын. Иісінің жағымсыздығы сонша, қасына адам жақындау мүмкін емес дейді жергілікті тұрғындар.

Қарт кісі Фарс провинциясындағы Дежга елдімекенінің іргесінде өмір сүреді.

 

Аму Хаджи тым еріншек, ешбір әрекеті жоқ адам. Ал, оның басты қазынасы - темірден жасалған құбыр. Оның ішіне қария кепкен қи салып, темекі ретінде шегеді.

 

 

Амуды суретке түсіруге шетелден келген фотограф оған кәдімгі темекі беріп көрген. Қария бірден 5 данасын тұтатып шеккен кезде, шетелдіктің көзі шаранасынан шыға жаздады.

 

Аму көп жылдан бері ауыл іргесіндегі мына тастанды ғимаратты баспана еткен. Қысы-жазы осында.

 

Күнінің көп бөлігін ол қимылсыз өткізеді: ұйықтайды немесе жай күнге қыздырынып жатады.

 

Ал, түн суық болған сәтте оған шынымен де қиын. Аму жылыну үшін қолындағы барын жамылуға мәжбүр.

 

Оның нелітен бұлайша қаңғыбас болғанын ешкім білмейді. Өзі де айтқысы жоқ. Тіпті, не үшін жуынбайтынын да айтпайды.

 

Аму өлген аң-құстың, үй жануарларының етін отқа ыстап жейді. Ал, кейде жергілікті тұрғындар тамақ әкеліп береді.

ФОТО: irna.com

baq.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста