Жаңалаштанғанның бәрі - арсыз, жабық киінгендердің бәрі әдепті екендігіне ешкім кепілдік бермейді

Намаз оқитын қыздардың ішіп-шегіп кеткендерін талай көргенмін. Тіпті, араларында бес уақыт намаз оқып, қасындағы құрбыларына Құран оқуды үйретіп жүріп, тұрмысқа шықпай-ақ екіқабат болғандарын да білемін. Сондықтан, ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі (орамал таққан, хиджаб киген) жайлы жаңалыққа түк таңырқамадым.
Бір жерден жеті қоян тапқандай таңқалудың қажеті жоқ. "Ойпырмай, осы оқушы қыздардың әке-шешесі қайда қарап отыр!?" деудің де қажеті шамалы.(Ертең сіздің қызыңыз да дәл осындай жағдайға тап болуы мүмкін ғой).
Ешбір ата-ана ұл-қызына "жаман бол, бұзықтық жаса, сыныптасыңның шашын жұл!" демейді.
Жаңалаштанғанның бәрі - арсыз екендігіне, ал, жабық киінгендердің бәрі әдепті екендігіне ешкім кепілдік бермейді.
Жұрттың киіміне қарап адамның ішкі мәдениетіне баға беруді қою керек қой осы. Қазақ мұндайда "Көлеңкеге қарап тон пішпес" дейді.
P.S. Кейде жезөкшенің жүрегі монахтың жүрегіне қарағанда әлдеқайда таза болуы ықтимал.

https://www.facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста