Отбасындағы зорлық-зомбылық заңына қатысты...
Басқасын білмедім, бірақ ұлды сүндетке отырғызу мен қыздың құлағын тесу дегенді расымен заңмен реттеу керек. Жоқ, рұқсат сұрау жайлы айтып тұрғаным жоқ, процесті іске асыру жайында айтып тұрмын.
Біріншіден, сүндетке отырғызу тек қана медициналық орталықтар мен ауруханаларда іске асуы тиіс деп ойлаймын. Әлі күнге дейін молдаға сүндетке отырғызатын сәттер кездесетінін естіп, жағамды ұстадым. Бұрында амалсыздан,таңдау жоқтықтан болды, ал қазір тек медициналық жолмен іске асуы тиіс. Сoны заңмен реттесе. Дінге қарсылық деп ойлап қалмаңыз, қауіпсіздік тұрғысынан айтып отырмын.
Екіншіден, құлақ тесуге келер болсақ, ол процесті де тек медициналық орталықта жасауға тиіс деп санаймын. Қазір сән салондарында теседі көбіне. Тас лақтырсаң сән салонына тиеді, өте көп. Бірақ онда қауіпсіздік қаншалықты сақталып жатыр, стерилизация мәселесі қалай болуда дегенге көпшілік ойлана бермейді. Кіндік, құлақ тесетін сән салондары қан ауруларын, СПИД-ті жұқтыру қаупі бар орын екені баяғыда дәлелденген. Сондықтан құлақты тек медициналық орталқта тесу керек деп санаймын.
Ал енді сүндетке отырғызу мен құлақ тесудің шекті бағасы да болған дұрыс шығар. Мысалы кей медициналық орталықта сүндетке отырғызу бар болғаны 20 мың болса, кей жерде 250 мыңға дейін барады екен. Сондықтан нарықтық заманда "мына бағада істе" деп айта алмайсың әрине, бірақ "мынадан аспасын" дегендей шектеу қоюға болар. Құлақ тесудің бағасын білмедім)
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан