Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин McDonald's компаниясының Қазақстаннан кетуі бізге ет өңдеу саласындағы проблемаларды ашып берді депті. Ой Алла-ай! Не деп тұрғанын өзі түсініп тұр ма екен? Сонда үкіметке белгілі бір саладағы проблемалардан хабардар болуы үшін біреу міндетті түрде елден кетуі керек екен ғой. Не деген идиотизм. Онда үкімет не бітіріп отыр, экономика салаларындағы проблемаларды білмесе? Енді біз осы мәселені үкіметте талқылайтын боламыз дейді тағы. Мәселені шешеміз демейді, әлі де талқылайды екен.
Мұхтар Түменбай
Фейсбуктегі парақшасынан