Бір қазақша сериал көріп жүрмін. Көргенде... тым зер салып емес, жааай "осылар не түсіріп жүр екен" деген оймен зейінімді бұрып қарағам. Анау қыз бен жігіттің диалогынан біртүрлі өз-өзімнен ұялып, ыңғайсызданып кетем ше. Анандаааай сөздерді өмірде ешкім, ешқашан айтпайды ғой негізі. "Менің аппақ сезімім тек саған ғана арналады", "Жүрегімнің тұңғиығына жасырған махаббатымсың" деген сияқты бірдемелер. Жоқ әлде қазіргі жастар сөйтіп, шіли неғып сөйлейтін болған ба?
www.facebook.com парақшасынан