Қазір көп адамның ит құрлы жақсылық жасау қолынан да келмейді ғой!

Сенбілік әңгіме


Бүгінгі ауа-райы бұдан 40 жыл бұрынғы жан тебірентерлік бір оқиғаны еске салып тұр. 80-жылдардың ортасы, дәл осындай сықырлаған қыс уақыты еді. Созақтың қысы Арқаның қысымен пара-пар ғой, шіркін! Біз ала бораннан әрең шығып, қабат-қабат киініп, тонмен келгенде - Шымқала жып-жылы, тұрғындары жеңіл күртешелерін иығына асып алып, жемпірмен жүретін...
Бірді айтып, бірге кетем. Сонымен, Теріскейде Қаратаудың төсіне еміне еніп жатқан "Балдысу" деген алпыс үйлі ауыл бар. Таңертең ертелеп ауыл тұрғындары малын өріске айдайды. Ит үріп, сиыр мөңіреп, азан-қазан кәдімгі тіршілік қой. Бес жасар кішкентай бала әкесімен бірге қораға ілесе шыққан екен, әкесі мал айдап ұзай бергенде қалың тұман түседі. Тау бөктеріндегі тұманның жайы белгілі ғой. Қарға адым жер көрінбей қалады. Малды ұзатып салып, үйіне келгендер ыстық шай ішіп, демін ала бастайды. Далаға ілесе шыққан бала бұл кезде елден адасып, аң-құсы мол таудың ішіне сіңіп бара жатты. Ауыл дүрлігіп, атқа қонғанда, жаяу бұрқасын да басталып кетті. Жоқ іздеушілер топ-топ болып жан-жаққа аттанады. Бала жым-жылас. Жер жұтқандай. Азынаған боран кімді болсын аяйын деп тұрған жоқ. Іңір қоюланып, боран да басылғандай болды. Сол түні Балдысу кірпік ілмеді. Әр жерде топ-топ болып, өзара күбірлескен жандардың сөзі Бетпақтың боранынан да суық еді.
Таң алакеуімнен жұрт қайтадан атқа қонды. Бәрінің ендігі ойы - баланың мәйітін ит-құсқа жегізбей, дер кезінде тауып алу болатын. Соқыр үмітін үзбеген тек, баланың анасы ғана еді. Күндіз-түні Құдайға жалбарынып, құлыншағының аман-есен табылуын тілеумен болды.
Екінші күні боран басылып, күннің көзі де көріне бастады. Бірақ таңғы аяз сықырлап тұр. Бұл кезде ауданнан шыққан іздеушілер де Балдысуға жетіп, тастүйін дайын отырған.
Жоқ іздеушілер бірнеше топқа бөлініп, жан-жаққа шаба жөнеледі.
Көп кешікпестен, Керегетас жаққа қарай кеткен іздеушілерден қуанышты хабар жетті! "Сүйінші! Сүйінші! Бала аман-есен! Әкеле жатыр!"
Үрей мен күдік араласып, бүкіл ел жылап жүр. Әлден соң, баланы алдына мінгестірген топ та ауылға желе-жортып кіріп келе жатты. Жұрттың назары ат үсіндегі балаға ғана ауып кетіп, бір нәрсеге мән бермей қалған еді. Осы аттылар тобының соңында қазақы төбет Алыпсоқ та шауып келе жатқан-тын. Анасы мен әжесінің құшағына енген балапан сол сәтте-ақ маужырап ұйықтап кетті. Дәрігерлер тексеруден өткізіп, қажетті ем-домын беру үшін баланы анасымен қосып, аудандық ауруханаға әкетті. Кейін, куәгерлердің сөзіне қанықтық. Керегетастың маңына жақындап, дыбыстағанда, Алыпсоқтың дауысы естіліпті. Дереу сол тұсқа жетіп барса, бір тастың тасасында әлгі кішкентай бала итін құшақтап отырған көрінеді. Айналасынан із қарап шығыпты. Теп-тегіс қар көрінеді. Соған қарағанда әлгі бала соңынан ерген итпен бірге тастың тасасын ықтап, түні бойы итін құшақтап отырыпты. Баланың денсаулығын әбден тексерген дәрігерлер ешқандай қауіптің нышанын байқамаған. Тіпті, қол-аяғының ұшын аяз ұрып, үсуі керек екен. Ондай белгі де жоқ екен. Дереу бала мен анасын ауруханадан сол күйі шығарып жіберіпті.
Біреулерге кейігенде "ит екенсің!" деп жатамыз ғой. Итке жетудің өзі мәртебе екен. Қазір көп адамның ит құрлы жақсылық жасау қолынан да келмейді ғой!

Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста