Қазақстандағы қазақтар неге көп ажырасады?

 "Қытайдан атамекенді аңсап, екі жыл бойы құжат өткізіп әрең дегенде елге келдік. Елге келгенде мұндағы қазақтардың тым көп ажырасатынын байқадым. Бізде Қытайдағы қазақтар отбасына берік болады. Ажырасу деген сирек. Мұнда айналамдағы адамдардың көбі ажырасқан. Ажырасқан қыз-келіншектердің көбісі кафе, мейрамхалар мен дәмханаларда, наубайханада түнгі уақытта жұмыс істейді.

Оларман тілдесудің сәті түскенде:
"Араларыңызда бала бар, неге ажырастыңыз, тым болмаса ортақ бала үшін әрі қарай бірге тұра беруге болмады ма?",- деп сұрасам етектерін көз-жасқа толтырады келіп.
Бәрінің айтатыны" Байым ұрды, соқты, ана жерін аузыма тықты, енем күн көрсетпеді, қайны атам мен ағам боқтады, байдан қайтып келген қайны апам мен қайын сіңлім күнде балағаттап психикалық зорлық-зомбылық көрсетті. Тіпті, нәски алатын ақша бермеді, сен жәлепсің деп тисе берді" деп айтады.
Араларында үстімнен тоқал алды, көзіме шөп салды. Көзге шөп салғанына да бастапқыда шыдағанмын. Кейіннен одан да сорақы әрекеттерге бара бастады. Ақыр соңында балам үшін де шыдай алмадым. Сосын ажырастым деп айтады.

Ал бізде Қытайдағы қазақ еркектер отбасына тұрақты. Сондықтан мен тек Қытайдан келген қазақ жігітіне ғана тұрмысқа шығамын. Себебі, Қазақстандағы қазақ жігіттерге сенбеймін. Олар барлық жауапкершілікті әйелдің мойнына артып, отбасын кез келген уақытта тастап кетуі мүмкін. ",- дейді қасымдағы оралман қыз.

Аузы-аузына жұқпай сыпсыңдап сөйлеген қыздың сөзін бағанадан бері үнсіз тыңдап отырған мен: "Бес саусақ бірдей емес қой. Өзі таза адам өзгеге күйе жақпаса керек-ті. Қайткен күнде ажырасуға тек еркекті, не әйелді ғана кінәлау дұрыс емес. Шапалақтың дыбысы екі алақан қосылғанда ғана шығады",- дедім де ойланып қалдым.

Айтпақшы, әлгі оралман қыздың ойынша, Астанадағы жергілікті қазақтар отбасына тұрақсыз, сенімсіз, отбасылық өмірге 100 пайыз дайын емес көрінеді. Оған қоса, оралман ару елге келгенде қара жұмыста жүрген қыз-келіншектердің көптігіне таңқалғанын жасырмады.

Мәселен, ТҰРМЫСҚА ШЫҒУДЫ ойлаудың орнына отбасына "МАЛТАБАР" болып кеткен қыздардың әрекетінен "МӘДЕНИ ШОК" алғанын эмоциямен жеткізді.

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста