"Қалаулымның" ішкі мазмұны тура Sex shop секілді

Әңгіме қылатын нәрсе емес еді. Айтуға тура келді. Алматыдағы "Мерей" дүкеніне бас сұқпаған адам жоқ шығар. Эскалатордың астында қызғылт-сары түспен әлеміштелген бір бутик бар. Эскалатормен жоғары сырғып бара жатқанда, келушісі жоқ сол бутикке ылғи назарым ауатын.

Арада біраз жыл өткенде, сол бутикке бас сұғуға тәуекел еттім. Сыртта жүрген сатушы келіншек менің осында бет алғанымды көріп, ішке жып берді. Мен кіргенде, лавканың арғы жағында тұр екен. Дүкенге кіруін кіргеніммен, көз алдымда самсап тұрған пәлелерді көріп, маңдайым тасқа соғылғандай есеңгіреп тұра қалдым. Құдай-ау! Мынау өңім бе, түсім бе? Анау жардай, жап-жалаңаш қатын-қуыршағы несі? Ит байлайтындай қарғыбау мен шынжыр неғып тұр?

Қипақтап тұрғанда шыққыр көзім оң жақтағы шыны ішінде тұрған небір өлшем мен формадағы фаллостарға түспесі бар ма?! Сұлу келіншек те сезе қойды. "Я могу Вам предложить, знаете, вот этого "великана с шевелюрой!" Мужчины вашего возраста обожают получать оргазм..." деп келе жатқанда, "Тоқтаңыз! Ал мынау не нәрсе?" деп, қап-қара, фонарик секілді затты нұсқадым. "Аа. Это инновационный мастурбатор для мужчин. Искусственная вагина. Очень ходовая вещь! Хотите, я Вам покажу..." дейді, құрысын! "Ой! Не надо, не надо мне, красавица!" деп далаға атып шыққам...

"Қалаулым" бағдарламасының жаңа маусымдағы екі-үш шығарылымын тыпыр етпестен, әдейі көріп шықтым. Бір шығарылымында қыздар жағы "тиетін байымыздың материалдық жағдайы жақсы болуы керек! Ең басты талабымыз осы!" дейді. Кәдімгі, бай-бағланның екінші, үшінші, төртінші тоқалы болуға психологиялық тұрғыдан әбден дайындалған қыздардың әңгімесі! Әйтпесе, о заманда бұ заман - қайсысының әжесі тиетін жігітінің қалтасына алдын-ала кіріп шыққан екен? Қазақ "Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды" дейді. Ауқатты болғың келе ме, күйеуіңмен бірге еңбектен. Бірге тап! Бірге ұқсат! Әйтпесе, еркектерді "жалқау, түк таппайды" деп тілдей бергенше дайын асқа тік қасық бола қоярлық жатыпішерлік психологиядан арыл!

Содан мынандай ойға қалдым:

"Қалаулымның" сыртқы формасы өзге демесең, ішкі мазмұны тура әлгі Sex shop секілді екен. Қатысушылардың дені sex-toys! Аша Матай болса, "ойыншық" сатушы әдемі келіншек. Бас сұққан адамға "ойыншықтарының" "мықты қасиеттерін" насихаттайды. Пікір таластырады. "Қалаулымды" басқа арнаға ауыстырып жатып, Sex shopтан қашып шыққандай күй кештім...

Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста