Осыны айтып жатқан кезде, жылап жібере жаздым...
Бір жылдан бері Польшаға тұрып жатқан, осы Ақмола жақтың тумасы, ескі танысыммен сөйлестім осы жаңа.
Шынымды айтсам, көңіл-күйім түсіп кетті сөйлесіп отырып. Әйелі поляк, өзі еврей. Репрессияға ұшырап, жер ауып келгендер еврейлер мен поляктардың ұрпағы екеуі де. Екеуі де Қазақстанда туып өскен. Екі баламен сонда барған соң, Польша оларға уақытша баспана мен жәрдемақы беріпті. Қазір үй алып, сонда тұрып жатыр. Әйелі жұмыс істейді.
Не мұнайы, не ұраны мен газы жоқ, табиғи байлықтан жұрдай Польшада әр балаға 21 жасқа дейін ай сайын 50 мың теңгеден көмек беріп отырады екен. Бұларға ай сайын 350 мыңнан беріпті әрқайсысына.
Азық-түліктің бағасы біздегіден әлдеқайда арзан. Алманың да сапасы ерекше екенін айтады. Біздің бағаға шаққанда, келісі 150 теңгеден екен.
Бізде өзбек пен қырғыздың алмасының өзін 400 теңгеден сатады ғой базарда. Бар апорттан айырылып ол отырмыз.
Жолдары тақтайдай тегіс. Бұрыш-бұрыштан тегін душ пен туәлет ашып тастаған. Былай қарасаң, олар да кезінде Сәвет Одағының отары болған ел.
Бір жарым миллион теңгеге жағдайы жақсы көлік алып тебеді екенсің. Екі миллионға қатқанын аласың деп отыр. Германия іргесінде тұр ғой енді..
Польшаның азаматы әлемнің 190 мемлекетіне визасыз барады. Варшавадан Мадридке (Испания) ұшқың келсе, билет 5000 теңгеден. Басқа елдерге де баға сондай.
Осыны айтып жатқан кезде, жылап жібере жаздым. Біз Польшадан мың есе баймыз ғой!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан