Ол жақтағы төсек ләззаты мына жалған дүниедегідей қысқа емес екен.

Ол жақтағы төсек ләззаты мына жалған дүниедегідей қысқа емес екен.

Жұмысқа кешігетін болған соң такси шақырдым. Кіші ұлды да бақшасына тастап кету керек. Отырып жатып ұлым жүргізушіге, - Ашшаумайкім, -деді дауысын көтеріп.
-Уалейкумассалам уа Рахматуллаһи баракату, -деп сағызша созды риза болып ол да, - ұлың нағыз мұсылман екен. Арабша оқуға бер, -деп сәл қуып кетті)
Бақшаның алдына келгенде баламмен қоштасып жатыр, -балам, жақсы, Ассалаума алейкум!
Ұлым, - давай, давай, -деді
Әрі қарай жұмысқа жеткенше, орысша, қазақша, арабша араластырып уағызын бастап кетті. Әңгімем бітпей қала ма деп көлігін әдейі жәй айдаған сияқты көрінді маған)
Ұлыңа арабша үйрет, жұмақтың тілі арабша болады, пайғамбарымыз араб, құран араб еліне түсті. Сол үшін арабша үйренсін деді қысқасы.
Жұмақта қалаған тамағың тұрады екен. Қанша жесең де тышпайды екенсің. Кекірсең иісі аромат екен. Қалаған хор қызыңды таңдап жата беруге болады екен. Ол жақтағы төсек ләззаты мына жалған дүниедегідей қысқа емес екен. Бір бітіру ләззаты қырық жыл уақыт екен ғой.))
-Разве ради этого не стоит потрудиться. Ол жақта ауырмаймыз, қартаймаймыз, -деп болар емес.
Күлкіден жарылайын деп отырсам да сыр бермей отырмын серьезный болып. Әңгімесіне ұйып, қолдап отырған сияқты арасында "мәшалла" деп қоям.))
Бір таң қалғаным, алпыс беске келген ақсақалдың балаларының бәрі бөлек кетіп, кемпірі екеуі ғана тұрады екен.
Балалары тірі жүріп, ата-анасын жалғыз қалдыратындарды түсіне алмайтын мен ішімнен "бүйткен жұмағыңның әкесінің аузын" деп көліктен түсе бердім..

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста