Кореяның супер қорасының жұмысын дөңгелетіп жүрген бауырларымыз жайлы видео.
Кореядан түсірген видеоларымды көріп, тамсанып жатырсыздар.
«Осының барлығын жасау үшін қандай ми керек, қандай адамдар жасайды екен?» - деп ойлайтын шығарсыздар.
Мен құпиясын ашайын, Кореядағы біраз жұмысты біздің қазақ бауырларымыз жасап жатыр! Демек, осындай тірлік біздің қазекеңнің де қолынан келеді!
Шіріген жүйенің «Қазақ жалқау, қолынан іс келмейді» - деген идеологиясы бізді жылдар бойы алдап, арбап, езгі жасамақ болған. Біз сол стереотипті жоққа шығарып, қазақ жігіттерінің пысық екенін дәлелдеуіміз керек!
Фейсбуктегі парақшасынан