Маған қызым ғана есігін ашады...

Ерлі-зайыпты еркегі мен әйелі үйленгеннен кейін алғашқы күні «есікті ешкімге ашпайық» деп өзара сөз беріседі. Сол күні жаңадан қосылған жас жұбайлардың жағдайын білмек үшін күйеудің әке-шешесі келіп, есікті қағады. Ерлі-зайыпты екеу бір-біріне қарайды да, күйеуі әке-шешесіне есікті ашқысы келеді, бірақ әйелімен сөз байласқан соң, уәдені бұзбайын дейді де, ол ойынан кері қайтып, есікті ашпайды. Әке-шешесі біраз күтіп, қайтып кетеді. Дәл сол күні, біршама уақыттан кейін қыздың да ата-анасы келіп, есік қағады. Жас жұбайлар тағы да бір-біріне қарайды, бірақ қыз шыдай алмай, көздері жасаурап, «мен бұлай істей алмаймын» деп есікті ашады. Күйеуі ештеңе демейді.
Қаншама жылдар өтіп, әлгі ерлі-зайыптылар балалы-шағалы болады. Үш ұлдан кейін төртінші болып қыздары дүниеге келеді. Әкесі жаңа туған қызының шілдеханасын үлкен бір той етіп өткізбек болып, барлық туған-туыс, жекжат-жұрағаттарын шақырады. 
Той біткен соң әйелі күйеуіне «үш ұлыңа мұндай үлкен шілдехана тойын жасамап едің, қызың үшін неге осынша шашылдың?» деп сұрайды. 
Сонда күйеуі: «Өйткені, маған қызым ғана есігін ашатын болады...» – дейді.
Сейдахметтің Ай-Нұры
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста