Кеше қоқыстағы бесіктің суретін желіден көріп, ішім қан жылады

Бізге не болған?
«Бесікті отқа жақпа», « аяқасты етпе», «қадірлеп ұста» дейтін қазақ бесікті қоқысқа тастай салатын болыпты. Кеше қоқыстағы бесіктің суретін желіден көріп, ішім қан жылады.
Бесіктің қасиеті ұрады ғой. Ойланайық! Мен сіздерге бесіктің шығу тарихын жазғым келеді. Бесік деген баяғыда Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында пайда болған. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен.Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады.Бірақ Мизам бапқа шамалары жетпей, жеңіліп қалады. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақшаны кәсіп еткен. Солан оны жұрт «ағаштың пірі-Мизам баб» деп кеткен. Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам баптың еккен ағаштары» деседі. Ол 150 жыл жасап, қайтыс болғанда, қытайлар келіп, орманын өртейді. Алыста жүрген Мизам баптың баласы Айдаһар би сол кезде түс көреді. Әкесі аян беріп: «Пейілі тар жау орманымды өртеді»–дейді.Айдаһар би келсе, орман түгелімен өртеніп кетіпті.Тек бірлі –жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана аман қалыпты. Айдаһар би әкесіне құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге алып кетеді. Бір күніАйдаһардың баласы уанбай, жылай береді. Емші-тәуіптерден де ештеңе шықпайды. Әкесі қызының жылағанына шыдай алмай, далаға шығып кетіп, Құдайдан медет сұрайды. Бір уақытта жылаған баланың дауысы шықпай қалады. Жүгіріп үйге кірсе, қызының қасында ақ киімді кісі жанбай қалған тобылғының бұтағына бөпені салып, тербетіп отыр екен. Жақындағанда көзден ғайып болады. Би мұны «Құдайдан келген ишарат» деп қабылдайды. Түнімен қисық ағаштарды қиыстырып, бесік жасап шығарыпты. Сәбиін соған салғанда, жұбанып, тәтті ұйқының құшағына кетеді екен.
Бесік ең алғаш тобылғыдан жасалғандықтан, ол қасиетті ағаштардың біріне айналады. Одан бесік, қамшы, ыдыс-аяқтар жасалатын болған. Тобылғы бесікте тербелген сәби «арыстандай топ жарады, жолбарыстай жол тосады» деп ырымдайды. Бесіктің шығу тарихы аңызда осылай баяндалады.
Бесікті аяқасты тастамайықшы.
Бесіктің қадірін қашырған қазақта бесік жырын айтатын әжелер де азайып кеткені сұмдық қой. Осыдан біраз бұрын облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері хабарласты. "Немересіне бесік жырын айтатын, бесіктің қасиеті туралы оқырмандарымызға әдемілеп айтатын әже тауып беріңізші" деп қолқа салды. Қанша жерге қоңырау шалып, қанша адаммен сөйлестім. Әзер таптым. Сұмдық қой. Көптеген әжелер бесік жырын айтпайтын болған. Немересін баққысы келмейді. кимешек кимейді. Шолақ шалбар киіп, шашын қиып селтеңдеп жүр. Бесік жырын айтатын әжелер қайдасыңдар?!

Бақыт Жаншаева.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста