Ешкім әдейі істемейді, ешкім өз тағдырын өзі таңдай алмайды…

МОЙЫНДАУДЫҢ ӨЗІ ҰЯТ...

Алуан тағдыр берілген бұл адамға.. Қым - қуат тірлікте өз сөзімізді сөйлеп, өз ойымызбен алысып, өз қызығымызды қуалап, өз қайғымызбен күресіп, маңымыздағы адамдардың тағдырына көз жүгірте бермейді екенбіз. «Шынайы өмірдегі -Шынайы өзгеріс» (Мен «Өзгеріс реалити шоудың атын осылай өзгертуді ұйғардым) жобасын бастағалы, сонда қатынасушылардың өмір баяндарына қанығып, шынайы проблемаларын тыңдап, түсінген сайын өмірге деген, адамдарға деген, өзіме деген көзқарасым өзгеру үстінде. Біреулері таудай жүкті, 100 жігіт көтере алмайтын қасіретті асқан қайсарлықпен, темірдей төзіммен, тағдырына қасқая қарап көтеріп келе жатыр. Біреулер қолдан өздеріне -өздері проблема жасап алып, енді сол проблемасымен диюмен алысқандан алысып өмір сүріп келеді. Тағы біреулер к@@@не шыққан шиқанға шыдай алмай, зеңбіректің оғы ішіне тиген жандай жан даусы шырқырап жылап жүр. Біреулер қанмен берілген кемшіктерінің астында жаншылып (ұяңдық, ездік, ынжықтық, қорқақтық, жалқаулық, ашуланшақтық үрей секілді), соларды жеңе алмай тағдырына бой ұсынып сүреңсіз де қызықсыз, өмірлерін сүруде.
Осының бәрі ТАҒДЫР. Ешкім әдейі істемейді, ешкім өз тағдырын өзі таңдай алмайды…
⠀⚡⚡⚡
Бірақ адам баласы САНАСЫН іске қосса, өзіне, тағдырына, айналасына, өміріне САНАЛЫ көзқараспен қарап, САУ АҚЫЛМЕН шешім қабылдай алса, болашақ ТАҒДЫРЫН , болашақ ӨМІРІН өз қолына ала алатынына көзім жетті. Білімім мен тәжірибем жеткенше соларға жол сілтеудемін.. Біраз жан қуантарлық жақсы нәтижелер бар.
⠀⚡⚡⚡
Толстой деген ақылман «Өмір бойы өмірдің мәнін іздеумен өттім.Мойындаудың өзі ұят, өмірімнің аяғына келгенде енді түсіндім өмірдің мәні «Адамдарды сүю мен оларға жақсылық жасау екенін ұқтым» деп 80 жастан асқанда жазған екен.
⠀⚡⚡⚡
Бір уақыт бөліп, жан-жағыңыздағы адамдарға назар аударып, олармен сырласып, ішкі дүниесіне үңіліп көріңізші.. Таң қалатын боласыз, санаңызда сілкіністер болып, ол адамға міндетті түрде басқа көзқараспен қарайтын боласыз.. Уәде беремін…
⠀⚡⚡⚡
Осылай, басқа адамдардың басынан кешкен қиыншылықтарын естігенде өзіңіздің өміріңізге риза болған кездеріңіз болды ма? Қандай сезімде болдыңыздар? Не ойладыңыздар?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста