Ертеңімізге немқұрайлы қарайтын роботтарды тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?!

Еліміздегі кітап дүкендерінде табысқа жетелейтін, карьералық жетістік, байлыққа қол жеткізу сияқты тақырыптағы мотивациялық кітаптар ең өтімді екен. Яғни, сұраныс үлкен. Ал әдеби көркемдік шығармалар көбіне сөрелерде шаң басып, қалып қоюда.
Әрине, асығыңды алшысынан түсіруге ынталандыратын кітаптар жақсы ғой, бірақ...
Бұл бүгінгі қоғамның рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қойып жібергенін білдірмей ме? Біз осы санасын тұрмыс билеген, рухани кедей жастарды, ертеңімізге немқұрайлы қарайтын роботтарды тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?!
Кешегі рухани құндылық жаңа заманда материалдық байлық тегеуірініне төтеп бере алмай қалғаны болашаққа зиян емес пе?!
Әлде, шынымен реалистік бағытта нақты жол нүсқайтын, іске, әрекетке шақыратын кітаптың пайдасы бар ма?
Достар, жалпы кітап оқуға деген ынтаның төмендеуі және талғам мәселесінде сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді. Жоғарыдағы сұрақтарға қосар ойыңыз бар ма?
PS: Кеше үкіметте Қазақстандағы мәдениетті дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының жиынында "Қоғамдық даму" зерттеу институты келтірген осы бір фактысы ойландырып тастады.

Ерлан Жұрынбаев
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста