Жемқорлық біздің елде ешқашан жойылмайды. Себебі оған ешкім жеп жатқанын көріп тұрып ештеңе демейді. Біреу жымқырып жатқан бастығына сөзі өтпейді, біреу жылы орны мен жайлы жұмысын қимайды. Бір адам қарсы шығып айтады, жүз адам жан-жақтан жұлқынып, жеңдерін түріп оның ауызын жабуға шығады. Ертең өздері жыртығын жамай алмай жылап жүретінін ойламайды.
Нұржамал Тоқтағұлова
Фейсбуктегі парақшасынан