Дертті де, ол дертке дауаны да беруші Алла. Садақа беріп, шипа сұрау оның дұғасы

Бір мешітінің имамы тұңғыш баласы дүниеге келгенде ерекше қуанады. Бала күн санап өседі. Тұңғышы болғандықтан әйелі екеуі де айналып толғанады да жатады екен. Ерлі-зайыптылардың қуанышында шек жоқ. Жаратқанға мың да бір шүкір деп ризашылығын білдіреді. Жұбайы екеуі дастарқан басында баласының қылығын жарыса айтып шай ішетін.⠀
Бірнеше айдан соң бала науқастанып қалады. Анасы мен баласы ауруханаға жатқызылады. Жігіт қаладағы тәжірибелі дәрігерге барып көмек сұрап, барлық мүмкіндіктерді қарастырада. Мамандар да қолдарынан келген көмекті аямайды. Алайда, нақты диагноз қою қиынға соғады. Дәрігер баланың әкесін шақырып алып, "Бүгін түнде баланың ыстығы түспесе айырылып қалуымыз мүмкін",-деп кез келген жағдайға дайын болу керектігін ескертеді.⠀ Шарасыздықтан имам жігіт қара түнде көшеге шығып жүріп келеді. Кенет, ойына "Науқастарыңды садақамен емдеңдер",-деген хадис сап ете қалады. Мұсылман барлық себеп-салдарын жасау керек. Бұл да бір себеп. Пайғамбар айтқан әдіс. Бірақ түн жарымда кімге садақа бермек? Кімнің есігін қағады?⠀Осылай тұнжырап келе жатқанда, қараңғы көшеде мияулаған мысықты көзі шалады. Дереу үйіне барып мысыққа тамақ әкеліп береді. Әзірге жігіттің қолынан келгені осы еді. Әз-пайғамбардың қасиетті сөздеріне шама-шарқынша амал етіп, Уа, Алла! Шипаңды бере гөр,-деп тілек тілеп ауруханаға келгенде, босағадан жүзі жадырап келіншегі қарсы алады. Не болды? Бала қалай?,-деген сөзіне, "Төсегінің басында ұйықтап кетіппін. Баланы құшақтап алған екенмін деймін түсімде. Кенет аспаннан бүркіт тіке бізге қарай төніп келеді. Не істерімді білмей тұрғанымда бір мысық пайда болды. Мысық бар айбатымен бүркітпен жанталаса арпалысып кетті. Түсімнен шошып оянсам баламның ыстығы түсіп, ұйықтап жатыр екен",-деп қуанышымен бөлісіпті.⠀
Иә, дертті де, ол дертке дауаны да беруші Алла. Садақа беріп, ізгі амал жасап, шипа сұрау оның дұғасы.

Ұстаған жан, оразаларыңыз қабыл болсын!

Сайран Шакерханның Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста