Біздің өз көзімізбен көрген тән сатушымыз сондай болған еді

 ЖЕЗ(ӨКШЕ)

- "Қыздар, "Жүзекші ма, Жүйзекше ма?" қалай өзі? "Жезөкше" осылай ма?" жұмыстағы Азизаның съемкадан келген соң осындай сұрақ қойған күні есімізде. Сөйткен оқиға былай болды:

"Қарекет" бағдарламасында істеп жүрген кезіміз. Редакцияға күн сайын бәленбай адам көмек сұрап хабарласады. Бір күні Алматының шетінде бір қарт кісілер кішкентай ұл мен қыздың аяғын байлап қойып қорада ұстап отыр, балаларға көмектесіңіздер деген қоңырау түсті. Оқиғаның мән-жайын білуге @gazezqyzy оператормен жолға шықты.

Сөйтсек, балалардың анасы өзінің тәнін саудалаумен айналысады екен. Күйеуі теміржолда, сол жақта ұзақ іс-сапармен жүріп жұмыс істейді.
Бұл әйелді өзіне қызмет көрсеткен жерінен үйіне келін қылып әкелген болып шықты. Әйел екі бала туса да жаңағы қызметін тастамапты. Үйден кетіп қалатын кезі көп. Ал, үйдегі ата-енесінің денсаулықтары нашар, көздері көрмейді. Сондықтан балалар мертігіп қалмасын деп аяғын әр жерге жіппен байлап ұстайды екен.

Содан не керек, бұл жолы келін ұзаққа ,хабарсыз кетіп, балалар қараусыз қалыпты. Дереу, жаңағы әйелді іздедік. Балалардың тағдыры үшін эфирді жасадық. Әйтпесе, Бейсен ағамыз ондай лас тірліктерді ешқашан рейтинг үшін, басқа үшін деп шулатып бағдарлама жасауға рұқсат етпейтін.

Жасыратын несі бар, "ол әйел қандай екен деп?" өзіміз көруге асықтық. Біз туфли киген, сұңғақ бойлы, сұлу қыз шығар?!
Жаңағы "Жез(Өкше)" әйелдің образы сұлу әйел болып елестеді.

Сөйтіп, оны қызмет жасап жүрген жерінен таптық. Студияға келді. Біз күткен образ мүлде басқаша болып шықты. Өзіне қарамаған, алқам-салқам, толық, қап-қара, сүйкімсіздеу әйел болып шықты. Бір режиссер "мынаның қай жеріне.." деп күйінген күйі кетті.

Күйінгеннің көкесі әлі алда болды. Ол тағы екіқабат екен. Әкесінің кім екенін білмейді. Және әйел СПИД ауруымен ауыратын болып шықты... Вот қасірет...! Әр жағы түсінікті шығар.. Жаңағы ауру талай адамға тасымалданды... Ішіндегі баласына да..

Өмірде біз елестете алмайтын да түрлі тағдыр бар...

Қайда барсам, нені ашсам, өткендегі роликке қатысты бітпейтін дау әлі жалғасып жатыр екен...
Біздің өз көзімізбен көрген тән сатушымыз сондай болған еді.

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста