Ауызбен орақ орудан алдымызға жан салмай, қанша жүреді екенбіз?

Құдайға шүкір...

"Media, Culture and Society" MA бойынша Лестер университетіне былтыр, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түскен едім. Осы бағдарламаны ашқаны үшін, Нұрағама алғысым шексіз. Өзі жасай алмаған кем-кетікті өркениетті елдерде оқып, дүниетанымын сіңірген адал азаматтар тәрбиеленіп, елдің нанын жемей, қамын жеуге тамшыдай болса да үлес қоссын деген шығар. "Болашақтықтар" елдегі жемқорлыққа, ең құрығанда, бармақ басты көз қыстылыққа әсер ете алсақ көрім ғой. Тым болмаса, айналамыздағылардың санасына сіңіре алсақ жарар еді. Отбасымыз, туыс, достарымызға.
Бұны неге айтып кетті демеңіз. Келгелі ағылшындықтардың адалдығына тәнтімін. Қарапайым еден жуушыға дейін адал. Мұсылман елі болмаса да, мұсылмандығы бізден жоғары. Ауызбен орақ орудан алдымызға жан салмай, қанша жүреді екенбіз?
Жүйені жоғарыдан емес, отбасымыздан өзгерткен жөн болар. Баламызға жағымпаз болмауды, тек таза маңдай термен ақ адал ақша табуға баулысақ, өзіміз ешкімге пара бермесек, мәселені көкелерді салып шешпесек, оны көрген бала тәлім алары анық.
Несін жасырайын, қара бастың қамын ғана ойлап, күйбең тірлікпен жүріп , қабағы бір ашылмайтын күнге оралғым жоқ. Шетелде оқығандар шетелде неге қалғысы келетінін түсіндім. Қазақ десе жанын беруге әзір патриот болсам да, Англияның мамыражай, күйбең тірліктен ада, адами құндылық жоғары бағаланатын ортасын сағынарым сөзсіз. Қазақ елі де сондай күнге жету үшін, әрқайсымыз тәрбиені өзімізден бастағанымыз жөн-ау.

Бірін айтып, біріне кеттім- ау. Бүгін диссертациямды тапсырып, "уһ" дедім, сене алмай жүрмін. "Болашақтық" достарыма сәттілік тілеймін!

Studing Film сабағынан өткенімді ой елегінен өткізу үшін, Венеция кинофестиваліне кетіп барамын.

Жадыра Жұмакүлбай
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста