Ауырмайды жүрек

Осы бір кішкентай бала туралы талай рет жазғым келген... Бір сәті түспеді. Есіме түскен сайын оның балалығы, тазалығы, балдай тәтті тілі көз алдымнан кетпейді. Риза боламын, еріксіз күлемін. Өміріңдегі қуанышты сәттердің естен кетпейтіні қандай жақсы?! 

Бірнеше жыл бұрын балаларды қорғау күнінің қарсаңында басшылықтың тапсырмасымен «Астана- сәби көзімен» атты арнайы жоба жасайтын болып, бас қалаға іссапарға шықтық. Біраз дарынды балаларды қаланың көрікті жерлерінде түсірдік. Өнерлерін көрсеттік. Сол жолы әріптесіміз туысының кішкентай баласын да алып келген екен. Жасы төрт-бестерде, тілі таза қазақша шыққан бала. Тақылдап тұр. Сөзге тарттым.
- Астана қалай, ұнай ма?
- Ұнайды ғой...
- Несі ұнайды?
- Үйлері.
- Өзіңіз қандай үйде тұрасыз?
Ол екі қолының саусақтарының ұштарын біріктіріп көрсетті. Туысы маған қарап:
- Жеке үйдің шатырын көрсетіп тұр, - деді.
- Түсінікті. Ән айтасыз ба?
- Айтамын.
- Қандай? Астана туралы ма?
- Жоқ. Қайрат Нұртас «Ауырмайды жүрек». Айтайын ба?
- Айтыңыз...
- Жастықтың жалынды бір күні еді,
Тым ерекше атты таңдары-ай.
Көздеріңе көзім байланғанда,
Жүрек тулап оттай жанғаны-ай..
Ән осынша ұзақ болар ма?! Қайырмасы да көп қайталанады екен.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сені ойлаған түндер болмаса...
«Жүрек» сөзін қайталаған сайын әншім қатып тұрып киіп алған костюмінің сыртынан жүрек тұсын сипап қояды. Үлкендерден біреу үйреткен болар, әйтпесе жүректің қай тұста екенін бала біле қояр ма. Әнді айтып біткенше әншімнің мұрнының ұшы терлеп кетті. Көңілі қалмасын деп тоқтатпай әнді аяғына дейін тыңдадым.
- Жақсы айттыңыз, рақмет,- деймін.
Шынымды айтсам «Ауырмай-ауырмай ең соңында ауыратын жүрек» туралы мына әнді Астана туралы жобаға қалай кіргізерімді білмей дағдарып қалдым.
- Ауырмайды жүрек. Не үшін жазды екен?- деймін ішкі ойыммен.
- Жүрегі ауырған соң жазған шығар,- дейді ол.
- Бұдан басқа әніңіз жоқ па айтатын?
- Бар. Қайрат Нұртас «Ол сен емес». Айтайын ба?
- Жоқ, рақмет айтпай ақ қойыңыз. Қазір катерге мінеміз де, қаланың көрінісінде сіздерді түсіреміз.
- Жаман киімімді киіп алайын ба?
- Жоқ. Неге? Осы киіміңізбен жүре беріңіз.
- Мамам айтқан «Сахнаға киетін киімді күтіп кию керек, былғап тастауға болмайды»,- деп.
- Мамаңыз өте дұрыс айтқан. Бұл жерде былғамайсыз, қорықпаңыз. Сахнаға жиі шығасыз ба?
- Иә. Өткенде Таразда ағам үйленгенде тойында ән айтқам.
- Ммм, «Ауырмайды жүректі» ме?
- Иә, одан да басқа әндерді.
- Мамаңызды тыңдайсыз ба? Бұзық болмайсыз ба үйде?
- Мамамды тыңдаймын, бұзық болмаймын. Қарындасым тілімді алмаса оны жазалаймын.
- Жазалаймын?! Қарындасыңыз нешеде?
- Екіде.
- Қалай жазалайсыз?
- Бұрышқа тұрғызып қоямын.
- Тұрады ма?
- Кішкене тұрады, сосын жылайды. Сосын мамаға барады.
- Түсінікті.
Түсірілім кезінде кадрдан тыс осындай қызықты оқиғалар болады. Астана көріністеріне әннің мазмұны келмегендіктен «Ауырмайды жүрек» әні бұл жобаға кірмей қалды. Сол бала қазір мектепте оқып жүрген шығар, мүмкін сахнада ән де айтып жүрген болар. Өзі бір болайын деп тұрған бала еді. Қайда жүрсе де аман болса екен.
Әннің халық арасында танымал болуы - бала репертурына әсер етеді екен. Әріп танымаған балалардың өздері естіген әнін қағып алып нақышына келтіре орындайды. Оның себебі, біздің халық ауыз әдебиетінен нәр алғанымызда. Оқығаннан гөрі естігенімізді есте сақтау бірінші кезекте тұр. Ұлттық код деген осы шығар.
Айтайын дегенім, ән ұрпақтан ұрпаққа жету үшін мағыналы, мазмұнды әндерді насихаттауды еш тоқтатпау керек. Жиі-жиі айтылғаннан кейін, балалар оны өздері-ақ жаттап алады. Оған дәлел көп...

Zhanylkhan Mamezhankizi Assylbekova

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста