Жалпы мен қазақтардың әлемдегі ең мықты боксшылар екеніне еш таң қалмаймын. Біздің жігіттердің төбелестен ешкімге есе жібермейтініне, шетінен жүрек жұтқан батыр болып келетініне екі жыл әскери борышымды өтеген жылдары көзім жеткен. Бойы бір метрден сәл ғана ұзын қазақтардың сорайған орыстарды қалай ұрып тастағанын талай көзіммен көргенмін. Бүкіл дивизионды, полкты бір екі қазақ ұстап тұратын. Әлемдегі ең жүрек жұтқан батыр жігіттер - ол қазақтар! Ұлтымыздың намысын аспандатып жатқан - қазақтың жігіттері жасасын!
Амангелді Кеңшілікұлы
Facebook-тегі парақшасынан