ҒАДІЛБЕК – арабтың «ғадел» (әділ, сенімді) және қазақтың «бек» (бағлан, бай, мансапты) сөздерінің бірігуінен құралған есім. ӘДІЛ – Алланың тоқсан тоғыз сипатының бірі. Жаңа туған сәбиге тура жолдан тайқымайтын, шыншыл, әділетті болып өссін деген ниетпен қойылатын ныспы. Қазақ арасында дыбыстық ерекшеліктерге байланысты бұл есім көбіне Әділбек болып айтылады. Ел ішінде жиі кездесетін есімдер қатарына жатады.
Белгілі есімнің белгісіз сыры
Последние статьи автора