Нұржамал – қазақтың төл есімі. «Нұр» түбірінің мағынасы белгілі, «жамал» деген сөз – «дидар», «көрік», «ажар» сөздерінің синонимі. Халық ауыз әдебиетінде «жамалыңды бір көрсем» деген тіркес кездеседі. Сонымен бірге «Бір адам – самал, екі адам – амал, үш адам – жамал, төрт адам – қамал» деген мақал бар. Тарихи грамматика саласының кейбір мамандары «жамал» сөзінің араб тілінен енгенін айтады. Араб тілінде бұл сөз «әсем», «көрікті», «шырайлы» дегенді білдіреді екен. Ғаламторда «Нұржамал» есімінің нумерологиялық және басқа да сипаттары туралы мәліметтер көп. Соларға сүйенсек, мұндай есімді иеленгендер шығармашылыққа, адамгершілікке, отбасы ұйытқысы болуға бейім келеді.
Белгілі есімнің белгісіз сыры
Последние статьи автора