Британияның «The Guardian» басылысы 2014 жылғы әлемнің үздік жүз футболшысын атады. Басылым тізген тізімнің көшін Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Әрине, жылдың үздік футболшыларын анықтау оңай шаруа емес. Сол үшін де басылым үздіктерді анықтау үшін әлемнің 28 елінен 73 футбол сарапшыларының пікіріне жүгінген. Олардың қатарыда Эрнан Креспо, Жилберту Силва, Славен Билич және Дитмар Хаманн сынды әлем футболының жұлдыздары да бар.
Басылым тізген тізімінің көшін Криштану Роналду бастап тұр. Португалиялық шабулшы «Реалмен» бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар, осы додада бір маусымда ең көп гол соққан ойыншы ретінде рекорд орнатты. Испания чемпионатында да өзгелерден көп гол (31 гол) соқты. Бірақ, өкінішке қарай, Бразилия жерінде өткен әлем біріншілігінде жарақатына байланысты көсіліп ойнай алмады. Десе де, сарапшылардың пайымдауынша 2014 жылдың ең үздік футболшысына Роналду лайық болып шығыпты.
Ал, басылымның рейтингінде екінші орын алған Лионель Месс керісінше клубтық деңгейде нашар өнер көрсетіп, Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионатының финалына дейін жетті. Одан бөлек, Месси әлем біріншілігінің үздік футболшысы болып танылды.
«The Guardian» рейтингінің үздік үштігін қақпашы Мануэль Нойер түйіндеп тұр. Ол 2014 жылы Германия ұлттық құрамасымен әлем чемпионы атағын жеңіп алса, Мюнхеннің «Бавария» клубымен ел чемпионы атанды. Сондай-ақ Бразилиядағы біріншіліктің үздік қақпашысы атынып, «Алтын қолғап» сыйлыңын жеңіп алды.
«The Guardian» рейтингінің алғашқы ондығына мюнхендік «Бавариядан» 4 ойыншы, каталондық «Барселонадан»- 3, мадридтік «Реалдан» - 2, «Манчестер Ситиден» 1 футболшы енген.
«The Guardian» рейтингінде үздіктер қатарын қосылған футболшыларды төмендегі суреттерден көре аласыздар