"Баварияның" бапкері Томас Тухель франциялық бас арбитр Клеман Тюрпенның жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Мюнхендегі матч 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші ойында "Манчестер Сити" 3:0 есебімен ұтқан. Осылайша, англиялық команда жарыстың жартылай финалына өтті.
"Бүгін екі дүние өз деңгейінде болмады: алаң мен төреші. Мен оған 6 балл (ең төмен баға) берер едім. Алғашқы және соңғы шешіміне дейін. Ол бізге пенальти белгілейтіндей фол да көрген жоқпын", - деп береді Тухельдің сөзін Bayern & Germany.