Роналду мен Месси бір футбол клубында өнер көрсетуі мүмкін

Ағылшындық "Манчестер Юнайтедтің" португалдық футболшысы Криштиану Роналдудың мүддесіне сай әрекет ететін агенті Жорже Мендеш ойыншының француздық "Пари Сен-Жерменге" ауысуы туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Роналду "Манчестер Юнайтед"-тің Бангкокте өтетін маусым алдындағы турына бармағаны белгілі болды. Футболшыға отбасылық мәселелерді шешу үшін қосымша демалыс берілді. Роналду да дәл осы себепті маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында клубтық жаттығулардың бірқатарын өткізіп алды.

Команда өткен маусымда Чемпиондар лигасына өте алмаған соң, Роналдудың "Манчестер Юнайтедтегі" “тағдыры” белгісіз болып тұр.

Айта кетейік, шабуылшы "Юнайтед" басшылығынан қанағаттанарлық ұсыныс болса, клубтан кетуге рұқсат сұраған.

ESPN хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" тарапы футболшы ағылшын Премьер-лигасының (EPL) командасына ауыспайтын болса онымен қоштасуға дайын.

Португалиялық ойыншы өткен маусымда Премьер-лигада 18 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. "Манчестер Юнайтед" ұлттық чемпионатта алтыншы орынға шықты.

Роналду "Алтын доптың" бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы және 2016 жылғы Еуропа чемпионы.

Сондай-ақ, қазір ПСЖ сапында әлем футболының тағы бір жұлдызы  – аргентиналық Лионель Месси өнер көрсетуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста