Бүгіннен бастап, елімізде футболдан Қазақстан чемпионаты қайта басталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Коронавирус инфекциясына байланысты, уақытша тоқтаған турнир ресми түрде қайта жанданып отыр. Үзілістен кейінгі алғашқы матч бүгін сағат 18.00-де өтті.
Жалпы, чемпионатты «Қызылжар» СК-«Оқжетпес», «Кайрат» - «Жетісу», «Тобыл" – «Каспий»; «Қайсар» - «Тараз»; «Ордабасы» - «Шахтер» командалары бастады. Бірақ, футбол кештері көрерменсіз және санитарлық шараларды сақтай отырып, өтіп жатыр.