"Астана" жастар құрамының жартылай қорғаушысы Руслан Махан бірінші лиганың жаңа маусымына дайындық аясында өткен жолдастық матчта "Шахтер-Болат" қақпасына әдемі гол салды, - деп хабарлайды Eurosport.
Футболшының бұрыштамадан әуелеткен добы қақпаға еніп кетті. "Нағыз шедевр!" - деп жазды басылым.
Ойын теміртаулықтардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Василий Маруняк шәкірттері бірінші лигадағы алғашқы матчын 6 сәуірде оралдық "Ақжайыққа" қарсы ойынмен бастайды.