Бас прокурорға хат жазуға болады
Қандыағаш қаласында үш жыл бұрын болған қылмыстық оқиға әлі ашылар емес. Аудандық полиция да, прокуратура да істі жылы жауып қойғысы келеді. Өйткені мұның артында дөкейлер тұр. Мен бұл туралы Бас прокуратураға шағымданайын деп едім. Оның жеке блогына жазсам, өзгелер оқып қояды. Бас прокурормен жеке кездесуге тағы мүмкіндік жоқ. Оған шағымданудың басқа қандай жолы бар?
Г. С., Ақтөбе облысы
ҚР бас прокурорының 2003 жылғы 11 маусымдағы №43 бұйрығына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура еліміздің әр аймағынан анонимді үндеу-өтініштер қабылдай алады. Қазіргі уақытта құзырлы орган өз қызметін одан әрі жетілдіруге көңіл бөліп отыр. Бас прокуратураның gp-rk@mail.online.kz электронды сенім поштасы құқық қадағалау саласы өкілдері мен тұрғындарды жақындастыруды көздейді. Мұнда түскен ақпарат прокурорлық әсер ету-тексеру жұмыстарына негіз бола алатыны сөзсіз. Бірақ тексерулердің нәтижесі жайлы Бас прокуратураның ресми жауабын алу үшін прокуратура органдарына қол қойылған, мекенжайы көрсетілген қарапайым хат жолдануы тиіс. Онсыз қандай да бір жауап қайтарылмайды.