Мемлекеттік мұражай мысықтар мекеніне айналды

Мемлекеттік мұражай мысықтар мекеніне айналды

Санкт-Петербургтағы Мемлекеттік Эрмитаж мысықтарға толып кеткен. Мұражайдың тышқан аулайтын мысықтарға зәру болып отырғаны туралы жалған қауесеттің салдары мекеме әкімшілігін мезі қылып бітті. Эрмитажды мысық асырайтын орынға айналдырмау үшін қызметкерлер арнайы акция жариялап, тұрғындардың жануарларды тегін алып кетуін сұрап отыр.

Мемлекеттік мұражайдың өзінің 50 мысығы бар. Олар жәдігерлерді кеміріп қоюы мүмкін тышқандар мен егеуқұйрықтарды аулауға жеткілікті. Бірақ Петербург тұрғындары арасында иесіз немесе балалаған мысықтарды Эрмитаж бен Қысқы сарайға әкеліп тастау әдеті әбден қалыптасқан. Жуырда мұражай әкімшілігі ресми мәлімдеме жасап, мекеменің мысықтарға зәру емес, керісінше, олардан әбден мезі болып отырғанын айтты. Енді наурыздың 20-сына дейін созылатын шара кезінде тұрғындар мұражайды мысықтардан арылтуға көмектесуі тиіс. Айта кетейік, Қысқы сарайға ең алғашқы мысық Екатерина ІІ әйел императордың тұсында Қазаннан әкелінген. Содан бері мұнда тышқан аулаушы «қызметкерлерге» қамқорлық көрсету мақсатындағы «Наурыз мысығы күні» акциясы өтіп тұрады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста