Астана Орталық Азияның инновациялық орталығына айналып келеді

Астана Орталық Азияның инновациялық орталығына айналып келеді

Ғылыми ортада «өркениеттер дүмпуінің ошақтары» деген теория бар. Мәселен, көл бетіне тас лақтырсаңыз, оның түскен жерінен айналасына қарай толқын пайда болады. Тас неғұрлым ауыр болған сайын толқынның арнасы да кең ашылып, алысқа тарайды. Өркениеттер дамуы процестерінің көрінісі де осыған ұқсас деп шамалайтын ғалымдар тобы бар. Тарихы кемінде 5-6 мыңжылдықтан тартылатын түркі тайпаларынан бастап, бүгінге дейінгі бабаларымыз талай дамудың дүмпулерінің ошағын жаққан. Бүгінгі Астана тағы да сол тарихи үрдісті қайталап, аймақтың дамуындағы қозғаушы күш рөлін атқаруға бет алды.
Осы уақытқа дейін қазақстандықтар «шетел­дік тәжірибе» деген тіркесті көп қолданып келді. Енді Орталық Азия және посткеңестік аймақта «қазақстандық тәжірибе» атты ұғым қалыптасып келеді.
Әрине, жаңа технологиялар, заманауи жетістіктер мәселесіне келгенде EXPO-2017  дүниежүзілік көрмесі осы уақытқа дейін бұл салада жасалған еңбектердің жемісі іспетті. Қазақстан  соңғы жылдары     орнықты  өсу үшін ноу-хау секто­рын дамытудың маңыздылығын   түсіне отырып,    ұлттық экономиканың   сенімді  және ұзақ мерзімдік дамуына   жағдай   жасау­да, мүмкіндіктер  қалып­тас­тыруда. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Таяудағы онжылдықта әлемнің барлық мемлекеттері инновациялар бойынша үш топқа бөлінетіні қазірдің өзінде анық. Біздің бәріміз инно­ва­ция­лық шығармашылық әлеуеті жоғары алғашқы топ­қа кіргіміз келеді» дегенді айтқан болатын. Өткен жылы  мемлекет   инновациялық   грант­тарға 3,5 млрд теңге  бөлді.  
Бүгінгі күні елімізде ин­новациялық қол­даудың қажетті инфрақұрылымдары құрылып үл­ге­рді. Солардың қатарында Ұлт­тық инно­ва­циялық қор, Ғы­лым қоры, вен­­чур­лық қорлар, өңірлік тех­но­парк­тер, ком­мер­цияландыру офис­тері, са­лалық конс­трук­тор­лық бюролар, Технологиялар транс­фертінің ха­лық­аралық орталығы секілді даму инсти­тут­та­рын айтуға болады. Инно­ва­циялық техно­ло­гия­лар пар­кі­нің бірінші кезегінің құры­лысы да бас­та­лып кетті.
Технологиялар трансфертін ынталандыру үшін инновациялық инфрақұрылымдардың қыз­мет аясы кеңейтілуде.
Астана, Петропавл және Өскемен қала­ларында көлік және мұнай-газ мәши­не­ле­рін жасау, сондай-ақ тау-кен метал­лургия құралдарын жасау сала­ларының салалық конструкторлық бюролары құ­рыл­ды. Жүк вагон-хопперлері, шахталық желдет­кіштердің өндірістері қалып­тас­ты­рылды. Еліміздің шығысын­да перфоратор­лар өндірісі іске қосылды. Тоғыз мәшине жасау кәсіп­орны мен технологиялық үде­рісте оларды қолдану жөнінде келісім­шарттар жасалынды. Инновациялық бел­сенділікті ынталандыру жаңашыл­дықты насихаттап және өнертапқыштық қозға­лысты қайта жандандыруға ықпал ететін болады.
Қазақстандық өзіндік техноло­гия­лық басымдықты қалыптас­тыру үшін елімізде бірінші рет техно­­логиялық болжамдау жүргі­зілді. Осы мақсат үшін әлемде үлкен беделге ие болып отырған Оңтүстік Корея­дағы KISTER ғылыми-зерт­теу институты­ның ма­мандары іске тартылды. Болжамдау нәтижесі бой­ынша өнеркә­сіп­тің нақты сала­сында стратегия­лық көшбасшылық­қа қол жеткізу үшін қажет бо­латын сыни тех­но­логиялар айқын­далды. Осы технология­лардың әр­бірі бойынша нақты техно­л­о­гия­лық карталар әзірленіп, мемлекет оларға қолдау жасайтын болады.
Технологиялық болжамдаудың нәти­же­лері салааралық ғылыми-технология­лық жоспардың ма­ңыз­ды сипатқа ие болуы үшін пай­да­ла­ны­лады. Бекітілген жос­пар агроөнеркәсіптік кешенде, тау-кен металлургия кешенінде, энер­гетика, мұ­най және газ, мәши­не жасау сектор­ла­ры­на, ақпара­т­тық-коммуникациялық тех­ноло­гия­лар, химия және мұнай химиясы сала­ла­рында жаңа өндірістер мен тех­нологияларды игерудің және осы үшін қажет болатын кадрлық, қар­жылық жә­не инфрақұрылым­дық ресурстар­ды игерудің нақты тех­но­логиялық міндеттерін айқын­дайды.
Бүгінгі таңда білім, ғылым, инновация қоғамның барлық салаларына кеңінен енген. Нәтижесі де жоқ емес. Еліміздегі ин­дус­триялық-инновациялық жобалар бойынша ашылған шаруашылық субъек­тілерде инновациялар кеңінен қолданылу­да. Мәселен, ауыл шаруашылығында – би­дай­дың жаңа сорттары, фосфор зауыт­та­рында – тыңайтқыштардың, метал­лур­гия зауытта­рында – шикізаттың жаңа түр­лері, ал ме­ди­цина саласында жаңа озық ап­пара­тура, препараттар өндірілуде.

Ой-түйін
Жуырда ресейлік «Постдағдарыстық әлем» қорының директоры Екатерина Шипова «Қазақстанның мүмкіндіктері жоғары екенін оның осы күнге дейінгі серпінінен байқауға болады. КСРО ыдыраған жылдары Қазақстанның жағдайы көп елдерден гөрі ауыр еді. Алайда қазір Қазақстан сәтті түрде мемлекет құраушы елдердің қатарында айтылады. Қазақстан мен Ресейдің құрылымдары өте ұқсас. Сондықтан Қазақстанда іске асырылған жобалар тәжірибесі Ресейде де қолданысқа енгізілуі мүмкін» дегенді айтқан болатын. Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер көп мәселеде Қазақстан тәжірибесіне сілтеме жасайтынын сол елдердің Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіп жатырмыз. Соңғы жылдары Астанада жиі көтерілетін инно-жүйе бастамаларын көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдері де қабылдауға ниетті екені байқалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста