Айдар Махамбет: Қоқыс саясаты жасыл экономиканың дамуына әсер етеді

Айдар Махамбет: Қоқыс саясаты жасыл экономиканың дамуына әсер етеді

2025 жылға дейін әлемдегі қоқыс көлемі екі есеге дейін артады екен. Онымен күресу үшін көптеген елдер мен қалалар өздерінің қоқыс саясатын енгізіп жатыр. Мәселен Сан-Франсиско қаласында өткен ғасырда қоқыстарды қайта өңдеу тазалықтың бастамасы ғана емес, қаржы табудың көзіне айналды. Ал елімізде қалдықтарды өңдеу енді ғана қолға алынды. Сарапшылардың айтуынша, отандық күл-қоқыстың әлеуеті жаман емес.

Қазіргі таңда Сан-Франсиско қаласындағы күл-қоқыстың 80 пайызы қайта өңделеді екен. Мысалы, тамақ қалдықтары қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы саласында тыңайтқыш ретінде қолданылады. Күн сайын органикалық қалдықтың 300-ге жуық тоннасы қайта өңдеуге жіберіледі. Қалдықтар мұнда өңделіп қана қоймай, эспортқа да шығарылады. Металл мен ағаш Жапонияға жіберілсе, қағаз қалдықтары аспан асты еліне жөнелтіледі. Ол жерде қалдық қағаздардан қытай газеттері басылып шығарылады. Бұл бастамасы ғана. Қазір Сан-Франсиско басшылығы 2020 жылға дейін қалдықсыз өнім өндіруді жоспарлап отыр.
Ал біздің еліміздегі мамандар қолда бар дүниені жүзеге асру қажеттілінгін айтады. Мәселен, полигонға жіберілетін тұрмыстық қатты қалдықтардан қайта өңдеуде 500 мың тонна қағаз бен картон, 300 мың тонна әйнек, 200 мың тонна металл мен 500 мың тонна пластмасса алуға болады. Есепші мамандар айғақтарын ұсынды, кәсіпкерлер болса, іске кірісіп те кетті.

Айдар Махамбет, қалдықтарды қайта басқару қауымдастықтың басшысы:
Қазіргі таңда ресайклинг саласында жұмыс жасап жатқан компаниялар саны көп емес. Алайда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық қалдық өңдеумен айналысатын мекемелер бірігіп жұмыс істеуді ұйғарды. Сонымен елімізде қалдықтарды басқару қауымдастығы құрылды. Оның құрамына 22 кәсіпорын кірді.
Жалпы заманауи технрологиялар дамыған сайын тұрмыстық қалдықтар көлемі арта түседі. Қазіргі таңда елімізде көптеген полигондар өз өміршеңдігін жоғалтып отыр. Олардың санитарлық жағдайы да аса мәз емес. Полигондардың қызмет ету уақытын ұзарту үшін күл-қоқыс өңдейтін зауыттар тұрғызу қажет. Қалдықтарды престеудің арқасында күл-қоқыс сақталатын аумақтарды азайтуға болады. Мәселен елордадағы полигонда осындай әдістерді қолдану арқылы бір шаршы метр жерде тоннадан астам күл-қоқыс жинақталып жатыр.
Егер қалдықтарды қайта өңдеу 20 пайыздан асса, онда ол тауарларға мемлекеттік сатып алу барысында жеңілдіктер қарастырылуы тиіс. Бұл дегеніміз осындай тауарлармен айналысатын мекемелерді ынталанджыратын болатын. Сондықтан оларға барлық жағдайды жасау керек. Мысалы, сертификаттау орталығында арнайы қазақстандық стандарттар секілді жүйені енгізу қажет. Аталған стандарт тауар өндірушілерге 10-15 пайыз жеңілдік беретіні белгілі. Осы мысал негізінде «жасыл орта» сертификат дайындайық. Бұл құжат сол өнімдегі қайта өңделген шикізаттың пайыздық үлесі бар екенін көрсетеді.
Елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысы бар деген мекемелерді бір орталық арқылы басқару жоспарлануда. Оның басты міндеті мемлекет пен бизнесті бір мақсатқа жұмылдыру. Әкімшілік, инвестор және қалдық шығаратын бірлескен жүйенің жоқтығынан кейде үлкен зауыттар өз жұмысын тоқтатып жатады. 2050 жылға дейін жоспарланған тұрмыстық қатты қалдықтарды модернизациялау бағдарламасын үкімет мақұлдап та қойды.
Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста