Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы 50 пайыз жарнаны үй алуға пайдалана алады ма?

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы 50 пайыз жарнаны үй алуға пайдалана алады ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әлеуметтік желілерде тараған зейнеткерлердің барлығы да зейнетақы жинақтарының 50 % - ын алуға болатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

 
"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, зейнеткерлер зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы мөлшері орташа айлық табысының 40% төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз ететін болса пайдалана алады. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс",- деп мәлімдеді БЖЗҚ.


Яғни, зейнеткердің зейнетақысы азаматтың зейнетке шықпай тұрған кездегі орташа жалақысынан 40 пайыздан кем болмауы тиіс. Сол кезде зейнеткерге шоттағы жинақталған жарнаның тең жартысын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Мәселен, шотта 5 миллион теңге болса, соның 2,5 миллион теңгесін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емге жұмсай алады.  

Қордың қызметтері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтында жарияланған, барлық қызметтер Қор бөлімшелерінде, enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста