Зілзала қаупі алаңдатады

Кеше Алматыда «Жетісу-2009» халықаралық сейсмикалық оқу-жаттығу шараларының дайындығына арналған үш күндік конференция басталды. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі мен зілзалаға шұғыл әрекет ету жөніндегі  Еуро-Атлантика үйлестіру орталығының бірлесуімен ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстары биылғы қыркүйек айына жоспарланған.  Бұрын тек батыс елдерінде ғана өткізілген  мұндай шара Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Дайындық жобасын іске асыруға Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысындағы оқу полигоны таңдап алынды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі та­­рат­қан мәлімет бойынша, соңғы 150 жыл­­да Алматының өзінде жойқын зілзала үш рет тіркелген. Бұдан бөлек 1889 жылы Ше­­лек, 1911 жылы Кемен аудандарында, 1990 жылы Зайсанда, 1993 жылы Су­са­мырда, он жылдан соң Жамбыл облысының Луговой ауданында болғаны белгілі. Еліміздің жеті облысы және оңтүстік ас­та­намыз – Алматы қаласы сейсмикалық қа­уіпті аймақтарда орналасқан. Жер сіл­кі­нісі қаупі соңғы кездері күшейіп келеді. Еуропадағы елдерді айтпағанда, іргедегі Қыр­ғызстан апаттан көз ашпай келеді. Эко­номикалық дамудың қазіргі жетістіктері зіл­за­ла әкелетін оқыс шығынның орасан бо­ла­тынын көрсетіп отыр. Сол себепті оның алдын алу мен апаттан мейлінше аз шығындану жолдарын қарастыру – ең өзекті мәселе. Жергілікті мамандар сейс­ми­ка­лық қаупі басым Алматы өңірінде биылғы жартыжылдық ішінде MSK шка­ла­сы бойынша 7 балдан жоғары жерасты дүмпуі болмайтынын айтып отыр. Бі­рақ мұны үзілді-кесілді болжам деуге сейс­мологтардың өзі кепілдік бере алмайды. Өйт­кені апаттың бұл түрі табиғаттағы құ­бы­лыстарға тәуелді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орын­­­басары, полковник Юрий Ильиннің ай­­­туын­­ша, жер сілкінісінен сақтануға ар­­налған конференция әлемдік дең­гей­де өтіп жатыр. Халықаралық құт­қа­ру бөлім­ше­лерін жойқын зілзала зар­дап­та­рын жоюға дайындауды көздейтін бас­қо­су­ға 23 мемлекеттен 70-ке жуық ма­ман қа­тысуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста