Зейнет жасына жеткендермен еңбек шартын бұзу ережесі өзгереді

Қазақстанда зейнет жасына жеткеннен кейін ғана еңбек шартын бұзу туралы ескерту жіберіледі. Бұл туралы Сенатта тілшілерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек кодексіне зейнеткерлік жасқа жетуі себебі бойынша еңбек шартын бұзу бөлігіне өзгерістер енгізілуде. Осының алдындағы нормада адамның зейнет жасына жетуіне дейін бір ай бұрын шартты бұзу туралы хабарландыру ескерілген. Енді қазіргі өзгерісте зейнеткерлікке шығу датасынан кейін бір айдың ішінде еңбек шарты бұзылатындығы жөнінде хабар беріледі», - деді С. Жақыпова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл қадам этикалық түсініктер аясында жасалып отыр.

«Бұл ретте қосымша мерзімді неге беріп отырмыз? Мысалы, зейнет жасына жеткенге дейін қызметте қажет еместігіңіз туралы және жұмыс орнын босатуыңыз керектігі жайында ескертіп жатса, бұл өз кезегінде адамның көңілін түсіреді. Сондықтан да этикалық тұрғыда ойластыра келе, осындай қадам жасамақпыз. Яғни адам еш уайымсыз өзінің заңды зейнет жасына дейін жұмысын істеуі керек. Осы датадан кейін жұмыс беруші еңбек шартын бұзу жөніндегі ескертуді жіберуді қарастыра алады», - деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста