Жаңа "бірыңғай төлем" неге кәсіпкерлердің көңілінен шықпай отыр

Жаңа "бірыңғай төлем" неге кәсіпкерлердің көңілінен шықпай отыр

Бизнестің еңбекақы қорына жүктеме ауыр екенін, оны күрт жеңілдету қажеттігін кәсіпкерлер бұрыннан айтып, мәселе көтеріп келеді. Бұрынғы билік бизнестің бұл жанайқайын пысқырмады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Содан бизнесмендер оны өз бетінше жеңілдетудің жолдарын қарастырды. Мысалы, компаниялар өз персоналын қысқартып, "көлеңкеге" жіберді. Осы мақсатта олар аутсорсинг, аутстаффинг және АҚС шарттары (договор ГПХ) тетіктерін кеңінен пайдалана бастады. Бұл жағдайларда штаттағы қызметкерлер компанияға ақылы негізде қызмет көрсететін штаттан тыс мамандарға айналып шыға келеді. Оларға салықтар, әлеуметтік аударымдар мен түрлі жарналар төлеу қажет болмай қалады. Кейбір жұмыс беруші жұмыскерлерімен мүлдем ешқандай келісімшартқа отырмай, ақшаны конвертпен төлеп жүр.

 

Салдарынан, соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанды ереуілдер дүбірлетуде. Бұл құбылыс өршіп, былтыр қанды қаңтар оқиғаларына ұласты. 

 

Жалпы, Президент 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында микро және шағын кәсіпкерлік үшін жиынтық жүктемені төмендетіп, еңбекақы қорынан бірыңғай төлемді енгізуді жүктеген еді. Оны Мамин Үкіметі уақытында орындамады. Смайылов Үкіметі де созбалаңға салды. Енді міне, тек 2023 жылдан бастап, жаңа тетік күшіне еніп отыр.

 

"Бүгінде әрбір жұмыс берушінің еңбекақы төлеу қорынан (ЕТҚ) 6 түрлі салықтар мен төлемдер алынады. Атап айтқанда, міндетті зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік аударымдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) медициналық сақтандыру жарналары және сақтандыру аударымдары төленеді. Тұтастай алғанда, еңбекақы қорына түсетін жүктеме 2022 жылы 35%-ға дейін артты", – деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.

 

Ал 2023 жылғы 1 қаңтарда енгізілген "бірыңғай төлем" оны 20%-ға дейін азайтады.

 

Бірақ кәсіпкерлер Үкіметтің бергенін азсынып отыр. Неге? Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы, бизнесмен Максим Барышевтың айтуынша, кәсіпкерлер тарапынан 2 жыл бойы барлық алаңдарда, соның ішінде Үкіметте, "Атамекен" палатасы арқылы осы проблема көтерілді.

 

 

"Яғни, еңбекақы төлеу қорынан төленетін қолданыстағы 6 түрлі төлемді, алым-салықты төлеу, олардың бәрін әкімшілендіру шағын бизнеске қиынға түседі. Оның бәрін бір салыққа біріктіру керек. Біз оның көлемі корпоративті табыс салығына тең, яғни 20 пайыздан аспауы қажет деп талап қойдық. Мемлекет бұған құлақ асты. Жаңа "бірыңғай төлем" биылғы жыл басынан өмірге жолдама алып отыр", – деді ол.

 

Демек, мұны отандық бизнестің жеңісі деп санауға болады.

 

"Бірақ ол толық болмай тұр. Себебі, ұсыныстарымызды Үкімет ішінара қолдады. Нақтылай кетсем, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 2023 жылдың қаңтарынан бастап, еңбекақы қорынан төленетін Бірыңғай төлем болатынын, бірақ оның игілігін шағын және микрокәсіпкерлер ғана көре алатынын, яғни жаңалық тек соларға таралатынын мәлімдеді. Тиісінше, Парламент те 2022 жыл жабылар тұста, 21 желтоқсанда қабылдаған заңнамалық түзетуде осы ұстанымды заңдастырды. Бұған қоса, тағы бір кілтипан бар: 1 қаңтарда күшіне енген заңға сәйкес, 20 пайыздық бірыңғай төлемді тек арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер мен ЖШС ғана пайдалана алады. Сондықтан біз, кәсіпкерлер бір мәселеде табандауды жалғастыра береміз: осы бірыңғай төлем барлық бизнес түріне, шағын ғана емес, орта кәсіпкерлік үшін де енгізілуі қажет. Сонда Қазақстанда салық төлеу оңай әрі қолайлы болады", – деді Максим Барышев.

 

Сонымен, өткен жылғы 21 желтоқсанда қабылданған заңға сәйкес, 2023 жылдан бастап, Салық кодексі "Бірыңғай төлем" атты жаңа 89-1 тараумен толықты.

 

 

Осының алдында Үкімет басшысы мәлімдегендей, бірыңғай төлем шағын және микробизнес үшін еңбекақы төлеу қорына түсетін салықтық жүктемені ағымдағы 35 пайыздан 20%-ға дейін азайтады.

 

Бірыңғай төлемнің (БТ) қызығын арнайы салық режимін ерікті негізде қолданатындар көре алады: бұған – микро және шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар жатады. Шаруа және фермерлік шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер де негізінен осы қатарда.

 

Өз жұмысшыларының табысынан бірыңғай төлемді аударуда солардың өзі "салық агенті" рөлін атқарады. Яғни, жаңа тетікке көшкен жеке кәсіпкерлер, ЖШС, фермерлер және басқасының жұмысшылары өз бетінше БТ төлеп, салық органдарына сабылмайды. Оны бухгалтерия не жеке кәсіпкер жүзеге асыруға тиіс.

 

БТ келесі жылы БЖТ-ны (бірыңғай жиынтық төлемді, ЕСП) ауыстыруы мүмкін. Өйткені БЖТ-ны жою жоспарланып отыр.

 

Бірыңғай төлем "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясына есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылуы шарт. Мемкорпорация ары қарай ол ақшаны үлесіне шақтап, бюджетке, БЖЗҚ, ӘМСҚ, МӘСҚ қорларына бөліп, таратады.

 

БТ сомасы қолданылатын салық режиміне қарай 200.00, 910.00 және 920.00 формалары бойынша декларацияларда көрініс табады.

 

БТ тек жұмыскердің табысынан төленеді. Яғни, бизнестің табыстарына қатысы жоқ. Бұл тетікті қолдану ерікті сипатта болып келеді. Яғни, қаламаса, фирмаға оған көшпеуіне де болады.

 

Жұрт бірыңғай жиынтық төлемге (БЖТ) не кіретінін азды-кем біледі.

 

Ал Бірыңғай төлем құрамына, яғни 20 пайызға не кіреді?

 

Жұмысшының табысынан алынатын жеке табыс салығы;

Міндетті зейнетақы жарналары;

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (оны енгізу 2024 жылға шегерілді);

Әлеуметтік аударымдар;

Міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар.

Бірыңғай төлемнің ставкасы 2023 жылы 20%-ды құрайды (яғни, жұмысшы жалақысының 20 пайызы). Соның ішінде:

 

жеке табыс салығы ретінде 9%-ы;

міндетті зейнетақы жарналары ретінде 50%;

МӘСҚ қорына әлеуметтік аударымдар ретінде 16%;

міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ретінде 25%, соның ішінде медсақтандыру жарнасына – 10%-ы, медсақтандыру аударымына – 15%-ы аударылады.

Бірақ ары қарай БТ ставкасын көтеру бекітілді:

 

2024 жылы – 21,5%-ға,

2025 жылы – 23,8%-ға,

2026 жылы – 24,8%-ға,

2027 жылы – 25,8%-ға,

2028 жылы – 26,3%-ға.

 

 

Өйткені оны арттырмаса, жұмыскерлердің зейнетақы жарналары тым аз болып қалатын көрінеді. Оның үстіне келесі жылдан бастап, осы қатарға өз жұмыскерлеріне жұмыс берушілер аударатын міндетті зейнетақы жарналары қосылады.

 

Бухгалтерия және салықтық есеп саласының эксперті Ольга Мурзинцеваның түсіндіруінше, БТ жүйесіне көшкен шағын және микро бизнестің жұмысшысының жалақысы мысалы, 100 000 теңге болса, онда оның жалақысынан бірыңғай төлем ретінде – 20 000 теңге ұсталады. Бұл сомада зейнетақы жарнасына – 10 000, медсақтандыру жарнасына – 2 000, медсақтандыру аударымына – 3 000, әлеуметтік аударымға – 3 200, жеке табыс салығына – 1 800 теңге аударылады.

 

Ал егер жұмыс беруші БТ тетігін қолданбаса, қиынсынса, оның өзінен және жұмысшыларынан ұсталатын еңбекақы қорынан төлемдердің жалпы көлемі 35 пайыз көлемінде, жоғары болып қала береді. Жалпы, бірыңғай төлем көлемі жыл санап өсетіндіктен, ол көлеңкедегі персоналды заңдастыруға ықпал ете алмауы мүмкін. Себебі, бұған 2019 жылы енгізілген, әрі көлемі 3450 теңге ғана болатын бірыңғай жиынтық төлем де септесе алмады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста