Жалған баяндама, жаттанды жауап

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Осы аптаның алғашқы күні облыстық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында бір емес, үш бірдей мекеменің, атап айтқанда, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС-ның, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесінің және «Шымкент қаласының индустриалды аймағы» МКК-ның есебі тыңдалып, «емтихан» тапсырды. «Емтиханды» қабылдаған «комиссияның төрағасы» – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі болды.
«Есебі тыңдалды» дегені болмаса, бәрі де дөй бастықтың алдына дайындықсыз ке­ліпті. Мінберге көтерілгендер үй тап­сыр­масын орындамаған оқушының күйін ке­шіп, көпшіліктің алдында ұятқа қалды.
– 2010 жылы 4,9 миллиард теңгеге 1898 жоба мақұлданды. Бұл 2009 жыл­мен салыстырғанда, 3,5 есеге көп. Үс­тіміздегі жылы қаржыландыру несие­сінің пайыздық сыйақысының көлемі 9 пайыз­дан 7 па­йызға дейін төмендеді. Қазіргі уа­қыт­та сый­ақы қайтарымы 99,9 пайызды құ­рап отыр, – дейді «Максимум» ай­мақ­тық инвестициялық орталық» ЖШС-ның бас директоры М.Шыныбаев.
Әрине, бұл қағаз бетіне қанттай тізіліп жа­зылған, мақтану үшін таптырмайтын, сы­қиған статистика еді. «Максимумның» мұндай лепірме мінезі бұрыннан бар. Кезінде жарғылық қорының өзіне 1 мил­лиард 60 миллион теңге бөлінген «Мак­симумның» жанынан көп ұзамай үш бір­дей еншілес кәсіпорындардың тұсауы ке­сіл­гені, олардың адам сенбес жүзеге ас­пайтын жобаларды көпшілікке ұсынып, көз­бояушылыққа барғаны баспасөз бет­терінде сын садағына алынған болатын. Міне, енді тағы да кезекті сценарий...
Сықиған статистика, жалпақшешей жал­­пылама баяндама талабы қатал облыс әкі­міне ұнасын ба? «Аудан-аудан бойынша жеке-жеке талдау жасалды ма? 2011 жыл­ға жасалған нақты жобаны айтыңыз» деп нақ­ты-нақты сауалдарды қабырға­сынан қой­­ды. «Максимумның» директоры М.Шы­­­ныбаев болса, «дәптерімді ұмытып, үй­ге тастап кетіппін» дейтін мектептегі са­баққа сал­ғырт-салақ, ұқыпсыз оқушы­ның күйін ке­шуден еш қымсынбай, қысылмай, ондай жобалар түзілген құжаттарын жұ­мы­сында қал­дырып кеткенін айтып, ақтал­ға­нына кү­ле­сіз бе, жылайсыз ба?
Әкім нақ­ты сөйлеуді қайта-қайта талап ет­кенімен, бас директор бәрібір биылғы атқарылатын тірліктерді талдап, түсіндіріп бе­рудің ретін таппай, бірнеше жылға жоспарланған жалпылама баяндаманың шеңберінен шыға алмағанына қын­жыл­дық. Оны облыс басшысы «сұрақ түсінікті ме, бір жылдың жоспары құпия емес шы­ғар, сендердің айтып отырған­дарың өз жос­парларың емес, кәсіпкерлердің несие алу үшін ұсынған жоспарлары» деп сөзден тыйып тастамасқа амалы қалмады.
М.Шыныбаевтың баяндамасынан бар ұққанымыз мынау: Қазығұрт ауданының кәсіпкерлері бірлесіп, тірліктің көзін табуға зор қызығушылықпен кірісіп отыр екен. Есе­сіне, шымкенттік, кентаулық кәсіпкер­лер­дің белсенділігі тым нашар. Жеңіл­де­тілген несие беруді ұйымдастыру арқылы сол ауданның, қаланың дамуына үлес қо­су­ға тиіс кәсіпкерлерін ортақ жұмысқа жұ­мыл­дыра алмай жүрген Созақ ауданы, Арыс қаласы әкімдерінің осы салаға жа­уап­ты орынбасарлары облыс басшысының ті­келей бақылауындағы ма­ңызды жи­на­лысқа келуге ерінгендері еркелік пе, ен­жар­лық па, ол жағын түсінбедік.
– Менің артық бір минут та уақытым жоқ, солай болса да бүгінгі жиналыстың ма­ңыздылығына байланысты өзім қа­тысып отырмын. Алайда жиналысқа ла­йықты дәрежеде дайындық жасал­маған. Ма­ған мұндай басқосудың қа­жеті жоқ, қай­та дайындалыңыздар. Жи­налысты кә­сіп­керлер үшін өткізіп отыр­мыз, ал неге олар­дың біреуі де жоқ. Ұсынысты солар айтады, –
деді об­лыс әкімі Асқар Исабекұлы.
 «Оңтүстік» арнайы экономикалық ай­мағы дирекциясының директоры Бақыт Мәу­леновтің де «емтиханға» дайын­ды­ғына облыс басшысының көңілі тол­ма­ды. «Бүгінге дейін жобаларды қар­жы­лан­дырған инвесторлар өздігінен келген­дер. Демек, бұл дирекцияның тындырған тір­лігі емес, оларды сіздерге біз жібердік. Бұл маңызды жобаға керек болса ел­ші­ліктерді, Сыртқы істер ми­нистрлігін жұ­мылдыру керек. «Маған жиналысты «для галочки» өткізудің керегі жоқ» деген әкім оған да «емтиханға» қайта дайындалып келуін тапсырды. Иә, «для галочки» жина­лыс өткізудің заманы өткелі қа-ша-ан!
 «Емтихан» тапсыру кезегіндегі үшінші мекеме – «Шымкент қаласының индус­триал­ды аймағы» МКК-ның есебін облыс басшысы тыңдауды да жөн көрмеді. Олар таратқан баспасөз хабарламасында 2011 мен 2010 жылдан жаңылысқандарына бастапқыда техникалық қателік болар деп түсіністік танытуға тырысқанбыз. Сөйтсек, жылдан жаңылысқандары техникалық қателік емес, жұмысқа қалай болса, солай, көз­жұмбайлықпен қараудың салдары бо­лып шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста