Жай және артықшылығы бар акциялар

«Жай акцияның  қарапайымдылығы неде, артықшылығы бар акцияның несі артық?»  деп ойлайтын боларсыз.  Жай акциялар оның иесіне дауыс беру құқығын береді. Оған дивиденд төленуі міндетті емес. Дивиденд төленер-төленбесін жыл соңында акционерлердің жалпы жиналысы шешеді. Мысалы, Қазкоммерцбанк 2008 жылы жай акцияларға дивиденд төлемей, табысты түгелдей банк капитализациясын арттыруға жұмсады.  Соңғы жылдары банктердің дені осындай саясат ұстанған.
Ал артықшылығы бар акциялар бойын­­ша  дивиденд міндетті түрде төле­неді. Есесіне акционердің дауыс беру құқығы болмайды. Алайда миноритарлық акционерге кәсіпорын саясатына қатысу­дың қандай қажеті бар?  Қазкоммерцбанк артықшылығы бар акцияларын шығар­ғанда әр акцияға доллар бағамының 0,04 пайызы деңгейінде дивиденд төлеуге уәде еткен. 2006 жылы – 5 теңге дивиденд төленген (1$=127Т). Биыл айырбас баға­мының 150 теңге екенін ескерсек, акцио­нер­лерге әр акция үшін 6 теңгеден тиіп қа­лар.
«Асыл-инвест» сарапшысы Дамир Сей­­себаев  «акция құнының өсуі емес, ди­ви­дендтерден табыс көргісі келген инвес­торлар артықшылығы бар акцияны алғаны жөн» деген пікірде. Дегенмен экономика өрлеген кезде жай акциялар құны өсуі арқасында жақсы пайда табуға болады. 
Мына кестеде 2007 жылғы акция құны мен оған сай төленген дивиденд мөлшерін көре аласыз. Осыған қарап акция алу тиімді ме, тиімсіз бе, бағамдай беріңіз.
Қазақстандық эмитенттердің арасын­да дивидендті молынан төлеуші ретінде «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» компа­ния­сы таны­мал еді.  Кәсіпорын акцияларының 10 пайызы жекешелендіру кезінде байыр­­ғы мұнайшыларға тиген, өзгесі –Қы­тай­дың ұлттық мұнай корпорациясының қолында.  Осы уақытқа дейін әр акцияға 11-16 мың теңге дивиденд төлеп келген компания, биыл мұнай бағасы төмендеп кетті деп 100 теңге төлемек болған. Мұнымен келіс­пеген миноритарлық (кішігірім) акцио­нерлер Ақтөбе облыстық эконо­ми­калық сотына шағымданып жатқан жайы бар. Қарт  мұнайшылар «компания басшы­лары  экологиялық айыппұлдарды мино­ри­тар­лық акционер­лер табысы есебінен төлегелі отыр» деп күдіктеніп, есеп-қисапқа тәуелсіз аудит жүргізілгенін қа­лай­ды. Дивидендіне қызығып, «CNPC-Ақтө­бе­мұнайгаз» ак­ция­­­сын аламын де­сеңіз де ала алмайсыз. Өйткені компа­ния листингтен, яғни Қа­зақ­­стан қор бир­жа­сындағы еркін сауда­дан шығып кеткен. Енді Кеңқияқта мұнай өндіретін компания акциясын ұйым­даспаған нарықта, яғни акционер­лердің тікелей өзінен ғана сатып алуға болады. 

Табыс таптық!
Өткен жолы өз портфеліміздің табыс­тылығын анықтайтын әдіс туралы айтқан едік. 27 сәуір мен 14 мамыр аралығында біздің портфельдің табыстылығы 12,34 пайызды құрапты. Ал KASE индексі кірісі – 18,84 пайыз.
Альянс банктен өзге эмитенттер акциялары­ның барлығының бағасы өскен. Яғни біз бастапқыда портфельді жасақ­тауға  399 мың теңге жұмсадық, акциялар­ды түгелдей қазір сатып жіберсек, қолы­мыз­ға 
448 305 теңге тиеді екен. 3 аптаның ішінде 12 пайыздық табыс көрсек жаман емес сияқты. Қазір теңге түріндегі депозит­тердің жылдық ставкасы 12-13 пайыз екенін өзіңіз білесіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста