Халыққа халал банк қызметі қажет-ақ

Кеше индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі Ерлан Байдәулет қазақ елі 2020 жылға қарай ислам банктерінің қызметін жете меңгерген елге айналатынын мәлім етті.
Бұл жайында министрдің кеңесшісі бы­лай деді:
– 2011 жылдан бастап-ақ елде ислам банк­тері жұмыс істей бастайды. Қазір ел­дегі «Әл-Хилал» ислам банкінен өзге, жеке тұлғалармен жұмыс істейтін екінші бір ислам банкі құрылмақ. Бұл банк негізінен жеке тұлғалармен жұмыс істейді. Тәжірибе алмасу жағынан аталмыш банк Малай елімен тығыз қарым-қатынас орна­туда. 2020 жылы Қазақстан ислам банкінің жұ­мыс істеу тәсілдерін шебер меңгерген елге айналуы тиіс. Осыған орай ислами құнды қағаздармен жұмыс істеу, халыққа ислам қаржы жүйесінің ереже­лерін ұғындыру, исламдық несие жүйесі қалай түзілетінін насихаттау шаралары кеңінен жүргізілуі керек.
Міне, кеңесші мырза қазақ елінде ха­лал банктер орнату үшін алдымен осы банктер туралы насихатты арттыру қажет­тігін осылай деп алға тартты.

Тарихына жүгінсек....
Ал өткен-кеткен тарихына жүгінсек, бүгінде 13 ғасыр өтілнамасы бар ислам банктеріне әлем елдері айрықша назар аударып отыр. Ислам қағидаларына, ислами шариғаттарға сүйене отырып, халықты барынша тығырыққа тірейтін «рибаға», яғни шектен тыс өсімалушылыққа жол бермейтін мұндай банктердің қызметі қазірде халықаралық қаржы саласында өте жоғары бағалануда. Ислам қаржы­лан­дыру жүйесінің маңыздылығы сол: мұнда ақшаны несиеге беріп, одан үстеме­ақы алу харам саналады. Бір қызығы, әлемді шарпыған қандай қаржы дағдары­сы­ның тұсы болсын, нақ осы ислам банктері тек пайдаға жұмыс істеген.
Бүгінде әлем елдері бойынша 50-ден астам елде 300-ге тарта ислам банкі жұмыс істейді. Олардың активтері шама­мен 700 млрд АҚШ долларына тең. Ислам банк­терінің қызмет ету аумағы тек араб елде­рінде ғана емес, АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде де қанат жайған.
 Деректер не дейді?
Жалпы, дерек көздері ислам банктерінің қызметіне жүгіну, осы банктердің сенім­ді тұтынушысы болу үрдісінің көрсеткіші әлемдік тұрғыда өсім беріп отырға­нын көрсетеді. Мәселен, әлемдегі алдыңғы қа­тар­лы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking Cor­poration өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы бөлімдерін аш­қан. Қаржы дағдарысына дейінгі исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде артып, 10-15 пайызды құраған. 2012 жылы ислами банктерге тие­сілі активтердің құны 1,6 трлн АҚШ дол­ларына жетеді деп күтілуде. Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда, Сауд Арабиясында және Малайзияда орналасқан. Ислам негізіндегі қаржылан­дыру­дың 56 пайызы Таяу Шығыста шоғыр­ланған. 2010 жылы Германияда ислам банктері жүйесі құрылды.
Мамандар пікірі...
Негізінен, ислам банктері жайлы отан­дық мамандарымыз «өзге елдер банк сек­торының осы жүйесін дамытып жатқанда, біздің қарап қалғанымыз жарамас» деседі. Мәселен, бұл жайында экономист-сарап­шы Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ:
– Исламдық қаржыландыру жүйе­сінде инвесторларға шариғат заң­дарына сәйкес келмейтiн жобаларды қаржыландыруға рұқсат жоқ. Исламдық инвесторларға арақ-шарап, темекi, шошқа өнiмдерiне, көңiл көтеретiн орындарға қаржы салуға, олардың акцияларын сатып алуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ исламдық банк жүйе­сінде исламдық құнды қағаздар деген болады. Ислами құнды қағаз­дарды сукук деп атайды. «Сукук» сөзі араб тілінде «заңды құжат», «акт», «түбіртек» деген мағыналарды біл­діреді. Сукук – шариғат заңдылық­тарын сақтай отырып әрекет ететін құнды қағаз. Сукук бойынша берілген қарыз ақша үшін ешқандай үстемеақы қосып төлеу міндеті жүктелмейді. Жобадан түскен пайдадан ғана серіктестер өзара тиісті олжаларын бөліп алады. Өз басым мұндай тәсіл біз үшін тиімді деп ойлаймын. Сондықтан біз жұртшылыққа ислами құнды қағаздармен кеңінен жұмыс істеуге мүмкіншіліктер жасауы­мыз керек, – дейді.
Ал экономист-ғалым Үсен АМАНБАЕВ бұл ретте былай деді:
 – Исламдық банктердің негізгі прин­циптері: а) ысырап жасамау;
ә) заңсыз және ретсіз монополияға тыйым салу; б) тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат болмауы;
в) шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу; г) ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тыйым салу;
ғ) бастапқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі.

Міне, сондықтан ислам банкіне, оның қаржылық өнім­деріне, ислами құнды қағаздар нарығына деген сұраныс қазірде әлем бойынша артып отыр. Мұндай халал банктер бізге қажет. Сондықтан барынша осы банктердің қызметін жетілдіргеніміз абзал.
Сөйтіп, мамандар ислам банктерінің тиімділігін, бұл жүйенің бізге қажеттілігін қуаттайды. Расымен де, қазірде көптеген ел халал банктер ашуға бейіл танытуда. Әрине, қайсыбір қауым үшін исламдық құнды қағаздар, исламдық қаржы өнімдері деген­нің не екені, оған қалай кірігу жайы түсініксіз болуы мүмкін. Десек те, нақ қазір біз үшін қарапайым жұртты осы салаға жұмыл­дыратын сәт жетті. Бұған қатысты мамандар «ислам банктер жүйесіне енуге қатысты бетбұрысты осы бастан бастау керек, енді бір-екі жылға кешіксек, көштің соңғы түйесіне жүк артып жатқандай боламыз» деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста