Ұлттық капитал алдымен қай салаларға салынуы тиіс?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Кешелі бері Ресейдің ауқатты кәсіпкерлері Олег Дерипаска, Владимир Потанин, Виктор Бударин өз елдерінің ауыл шаруашылығы саласына ай сайын тапқан табыстарының 20-30 пайызын аударып отыратын болды. Көршілес елде қазірде бір ғана Владимир Потаниннің елге бұған дейін де аударған инвестициясының есебінен ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, көлемі 1840 гектарды құрайтын жылыжай салынып, одан тиісінше мол өнім алынуда. Баса айтарлығы сол жылыжайдан түскен пайдаға Потанин мүлдем қол сұқпайтын көрінеді. Ауқатты олигарх мұны ол тек «ауылға салынған инвестиция» деп есептеп өнімнен түскен пайданы тек қана фермерлердің өздерінің пайдалануына мүмкіндік берген.
Келтіре берсек, біраз елдерде мұндай мысалдар жетіп-артылады. Өзге елдердің ауқаттылары осылайша өз еліне инвестиция салуға барынша ықылас білдіріп жатқан тұста «біздің ауқаттылар табысын елмен бөлісуге дайын ба» деген сауал өзінен-өзі туындайды. Алаш айнасы бүгін осы тақырып төңірегінде шолу жасауды жөн көрді.
Рас, Ресей президенті Путин өткен жылдың желтоқсан айында елдегі ауқаттылардан байлығын халқымен бөлуді міндеттеген жоқ, ашық талап етті. Ресей президенті бұл жолы офшорлық зона арқылы байлығын шетел асырып жүрген бақуаттылардың аттарын атап, түстерін түстеп, байлығын бұқарамен бөлісудің кезі келгенін айтты. Ресей қазірде еліндегі қалыптасқан жағдайға байланысты, елге тұс-тұстан салынып жатқан санкциялар салқынына төтеп беру үшін де мұндай қадамдарға барып жатқаны анық. Қалай десек те ТМД елдерінде байларының байлығын халқымен бөлісуді ашық талап ете бастағандардың көш басында Ресей тұр.
Бұл ретте қазірде біздің де мақсатымыз айқындала түсті. Осыдан тұп-тура бір ай бұрын Ұлттық инвесторлар кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы іскер азаматтарға шетел шоттарында жатқан қаржыларын заңдастырып, сол арқылы елімізге инвестиция құюға шақырды. Отандық сарапшыларымыздың пайымдауынша, Елбасы жариялап отырған қаржы «амнистиясы» ел экономикасының өркендеуіне айтарлықтай оң әсерін тигізбек. «Қазір елімізге тартылатын жалпы инвестицияның көлемі шамамен 5,5 триллион теңгені құрайды. Оның 60 пайызы шағын және орта бизнес үлесіне тиесілі. Ал өз қаржысын шетелде сақтайтын азаматтардың капиталын елге тарту арқылы бұл көрсеткішті екі еселеуге болады» дейді мамандар.
Жалпы, біз Тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына 130 млрд АҚШ долларына жуық инвестиция құйылғанын айтып мақтанамыз. Алайда мамандар «сол 130 млрд инвестиция құйған шетелдіктер, пайданы екі-үш еселеп тауып жатыр» дейді. Мысалы, соңғы он жылдың ішінде елімізден шетелге кеткен қаржы 140 млрд доллардан асқан. Мұның барлығы елімізге инвестиция құйып, одан табыс тапқан ірі кәсіпкерлердің бар барлығы елде тапқан қаржысының басым бөлігін шетелде сақтайтынын көрсетеді. Тіптен бізде табыс тауып, оны шетелге тасып жатқандар тек шетелдік инвесторлар ғана емес, тіптен өзіміздің отандық кәсіпкерлер де табыстарын көк қағазға айналдырып шетел банктеріне сақтауға бейілді. Сол арқылы олар шетелдің экономикасына күш беріп жатқанын да аңғармайтын тәрізді.
Ауыл ұлттық капиталға зәру болып отыр
Тақырыпқа қатысты бізге пікір білдірген «Ауыл» партиясының төрағасы, Ғани Қалиев былай дейді:
- Бағамдасақ, қазақтың ұлттық капиталының қаржысы бірінші кезекте ауылға қажет. Мен Ресейдің ауыл шаруашылығы академиясының мүшесімін. Таяуда ғана сол көрші елде болып келдім, олар бұл мәселені оңды шешіп отыр. Ал енді біздің де ауылға инвестиция салуға қатысты Үкіметтің арнайы жаңа саясаты болуы керек. Қазір ақпараттық –технологиялардың даму ғасырында әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр. Көптеген елдер күн және жел энергиясына назар аударуда. АҚШ-тың өзі болашақта 65 пайыз энергияны күн мен желден алуға баса назар аударуда. Осыларды ескерсек, келешекте мұнайға сұраныс азаяды да, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс артады. Сондықтан біз ауыл шаруашылығының әлеуетін арттырғанымыз абзал. Ауқаттылардың елге келер инвестициясын бірінші кезекте ауыл шаруашылығына салу керек. Олар ауылдағы ұсақ шаруашылықтардың басын қосуға ат салысуы керек. Сол ауылды-аймақтардың өзінде ауқымды жерлерді жалға алып, пайдаланбай отырған алпауыттар да бізде жетерлік. Мысалы, елімізде 282 млн гектардан астам жайылымдық жер бар. Қынжыларлығы, сол көлемді жайылымдық жердің 40 пайызын ғана ұқсатып отырмыз. Ал қалғаны пайдаланылмай отыр. Келешекте біз жеріміздің құнарлылығын көтеріп, өндірістік, өнімділік қабілетін арттырамыз десек, жаңашылдыққа бет бұрып, бұрын астық егілген, қазірде бос жатқан жерлерге көпжылдық шөптер егу мәселесін қолға алуымыз керек. Міне, осы мәселені жетілдіруде нақ сол алпауыттардан инвестиция қажет. Қазірде ауылдың байырғы тұрғындарының шамамен үштен бірі шаруа қожалықтарын құрып, бөлініп кетті. Қалғандары шартты жер телімдерінің иелері құқығынан айырылды, көпшілігі жұмыссыз қалды. Оларға бұрынғыдай нақтылы көмек (көмір, жемшөп, тіпті сабанның өзі) берілмейді. Ауылдағы жалданып істейтін жұмысшылардың жалақысы республикалық орташа деңгейден екі еседен аса кем. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастар жан-жаққа, көбінесе қалаларға көшуде. Статистикалық деректер бойынша, елімізде барлығы 175 аудан болса, соның ішінде 72 ауылдық аудан осындай сипаттама алған. Өзге елдерде ауыл-аймақтарды қолдауға алпауыттар өздері жұмылады. Ал біздің ауқаттылар ауылға инвестиция салғаннан гөрі өз пайдаларының еселене түсуін ғана ойлап жүр. Ауылға мемлекеттік көмек өз алдына осындай қосымша қаржы күші керек. Сондықтан ауқаттыларды міндеттеуді мен қолдаймын. Бұл бізге қажет. Міндеттеу керек.
Орта бизнеске де ұлттық капитал қажет
Абзалында біз ел экономикасының өркенуіне бірден-бір септігін тигізетін сала орта бизнес екенін жиі қаузаймыз. Соңғы жылдары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі ІЖӨ-нің 17 пайыздық деңгейінде тоқтап тұр. Бұған қатысты отандық сарапшылар шетедегі капиталды елге әкеліп заңдастыра арқылы осы межені де ілгерлетуге болатынын алға тартады.
Мейрам Қабдрахманов, экономист-сарапшы:
- Жасырын капиталды заңдастыру бізде бұл шара 2001 жылы жүргізілді. 2001 жылғы амнистиция барысында елге 367,8 млрд теңге қайтарылған болатын. Ал қазір елдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің бәсекелестік аясы кеңейді. Бағдарламаларды, түрлі жобаларды жасау арқылы елдегі іскер азаматтардың басым бөлігі шетелдік нарыққа шыға бастады. Тіпті олардың біразы қаржыларын шетелде сақтайтын болды. Осыны ескерсек, расымен де шеттегі капиталды елге әкеліп оны орта бизнеске салу өте тиімді болмақ. Бұл үрдіс қаржыларын шетелде сақтайтын азаматтарға отандық экономиканы көтеруге ықпал етеді. Шетелде заңсыз қаржы сақтап, көлеңкелі экономикаға жол бергенше оны заңдастырып, елдегі тұралап жатқан салаларға инвестиция құйылса оңды емес пе? Сондықтан өз басым мұны қуаттау керек деп есептеймін.
Негізгі капиталға деген ішкі жеке инвестицияның өсу қарқыны ІЖӨ-нің өсу қарқынынан қалып келеді. Егер дағдарыс кезеңіне дейін олардың үлесі 18,4 пайызды құраған болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, небәрі 13 пайыз деңгейінде. Шетелдік тікелей инвестициялар ағыны 2013 жылы 9,7 миллиардты құрады. Ал бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 4 миллиардқа кем.
«Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін шетелге елімізден кетіп жатқан қаржыға тосқауыл қоя білуіміз керек. Қазақ жерінің арқасында шылқыған байлыққа қол жеткізіп қыруар қаржыны айналымға салып жүрген іскер азаматтар осы амнистия арқылы елге қаржы әкелуі тиіс» деп отыр мамандар.
Мемлекеттік бағдарламаларға шетел асқан қаржы салынса
Жалпы, елімізде капиталды амнистиялау шарасы 2017 жылға дейін жүргізілмек. Ол үшін Ұлттық банк биылғы жылдың 1 маусымына дейін заң жобасын Елбасы назарына ұсынуды жоспарлап отыр.
Мамандарымыз «қаржысын шетел асырған ауқаттыларға мемлекеттік бағдарламаларға да капитал енгізуді міндеттеу керек» деседі.
Тоғжан Шаяхметова, экономист-сарапшы:
- Биыл Ұлттық қордан экономиканы демеуге 1 трлн теңге бөлінді. Жылма-жыл Ұлттық қордан экономиканы демеуге қаржы бөлініп жатады. Егер шетелге кеткен қаржыны елге әкелуді сауатты жүйелей алсақ, бұл бізге қажетті дүние. Мұны атқарушы органдар сауатты жүйелеп, жобасын сауатты жасауға барын салуы қажет. Мысалы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырға ұлттық холдингтер, акционерлік қоғамдар жұмылып жатады. Міне, сол кешеуілдеп қалған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына шетел асқан қаржы арқылы инвестиция құя алсақ, бұл жақсы болар еді. Әсіресе Тұрғын үй құрылысы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларға қомақты қаражат керек. Ал егер ауқаттылардың офшорлық аймақ арқылы шетел асқан қаржысы нақ осы салаға жұмылдырылса талай баспанасыз бұқараның уайымы жеңілдей түсер еді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста