Ұялы байланыс неге қымбат?

Бүгінде біздің елімізде бала-шағадан еңкейген кәріге дейін ұялы телефон тұтынады. Статистикалық көрсеткіштер халқымыздың 78 пайызы ұялы телефон қызметіне жүгінетінін, сондай-ақ қазақтың ұялы телефон нарығына дендеп енгеніне 17 жылдың жүзі болғанын айқындайды.
Жалпы, ұялы телефон атты нарық бізге Тәуелсіздігімізбен ілесіп енген жаңашылдық болды. Кезінде 90-жылдары тоқ­пақтай болып шіреген кәсіпкерлердің ғана қолын­да жүретін қалта телефоны қазір әрбір қазақтың қалтасынан табылады. Тіпті нақ осы ұялы телефонға қатысты «Бір­лігің жоқ болса, тірлігің жоқ», «Телефонына қа­рап тұрмысын таны» деген тәрізді заман­ға сай мәтелдер халық аузынан табылып та жатады. Десек те, мәтел жайын кейінге қал­дырайық... Біздің бүгінгі сөз етпегіміз – ұялы телефон нарығына атқарушы би­ліктің енгізген жаңалықтары мен жаңа­шыл­дықтары турасында болмақ.
Өткенде байланыс және ақпарат ми­нистрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ мырза ақпан айы бастала салысымен елдегі ұялы бай­ла­ныс операторлары қосылғаны үшін ақы алу­ды тоқтатып, секундтық тарифтерге көш­кендігін мәлім етті. Бұл жайында ми­нистр мырза былай деген-ді:
– 1 ақпаннан бастап ұялы байланыс қо­ңырауларына секундтық тарифтер енгі­зі­леді. Жаңа жоспарлар тарифтері іске қо­сыл­ды. Бұдан былай тұтынушылар желі ішін­де 10 секунд сөйлессе, сол 10 секунд­тың ақшасын ғана төлейді. Осы уақытқа де­йін тұтынушылар 11 секунд сөйлессе, 20 секундтың ақшасын төлеп келген.
Байланыс және ақпарат министрінің бұл мәлімдемесінен кейін «бірліксіз тірлігі біт­пейтін» ағайын «қалта телефонның меш­кейлігі азайып, қаржымыз үнемделетін бол­ды» деп кеуде кере кең тыныстаған. Әйт­се де ел ішінде әлі де болса осы секунд­­тық тарифтің есеп-қисабын шығара ал­май қиналып жүрген қауым баршылық. Ал енді есептеп көрелік. Басқасы өз алдына, біз алдымен халқымыз қызметіне көбірек жүгінетін 8701, 8705, 8777 абоненттерінің секундтық құнын есептесек... Бүгінде 8701 абонентінде желі ішінде сөйлесудің 1 минуттық құны 25 теңге 57 тиын. Егер сіз осы желі ішінде 10 секунд сөйлесетін бол­саңыз, 1 теңге, 17 тиын төлейсіз. Сондай-ақ, операторлардың айтуынша, қазір же­лі ішіндегі басқа абоненттік қызметтер алы­нып тасталып, министрдің мәлім­де­месіне сәйкес тек Активті уақыт желісі ғана қызмет істеуде. Бұл желі сол секундтық та­риф­тер бойынша қызметін жүргізіп отыр.
Енді 8705, 8777 абоненттерінің се­кунд­тық тарифін есептелік... Бұл абонент­тер бойынша желі ішінде сөйлесудің құны 22 теңге 30 тиын болса, екінші минуттан бас­­тап барлық бағыттарға желі ішінде сөй­лесу құны 7 теңгені құрайды. Желі ішінде 1 секундтан 10 секундқа дейін сөйлесудің құны 6 теңге 13 тиын болса, 11-60 секунд­тың айналасы 5 теңге 81 тиын болмақ. Аталмыш абоненттердің қызмет көрсету орталығының операторлары министрлік ше­шім шығарғанымен, әзірге бұл абонент­терде желі ішінде сөйлесудің секундтық та­рифтері енгізілмегенін, бұл олар үшін бо­лашақтың еншісінде екенін алға тартты.
Осы ретте сарапшы маман
Нұрсұлу АЙЫМБЕТОВА былай деді:
– Біздің елдегі ұялы байланыс опера­тор­лары тек табыс табуды ғана көздеп отыр. Олардың көбі шетелдік компаниялар бол­ғандықтан, оларды қарапайым халық­тың жағдайы алаңдата бермейді. Мәселен, қызмет көрсету бағасына келсек, ұялы на­рық бағасы Қазақстанда тым қымбат. Көр­ші­лес Қытайда байланыстың бір минуты ор­та есеппен 3 теңгені төңіректейді, Ав­стра­лиядағы ұялы телефон қызметінің құны біздің теңгемен есептегенде 1 теңге 20 тиын. Әлеуметтік жағдайы әлсіздеу са­на­латын Орта Азияда, дамыған Еуропада бай­ланыстың бұл түріне тұтынушының шы­ғыны аз. Ресейлік компания сатып алған 777 нөмірлі байланыс желісімен отандық «Қа­зақтелеком» қызметін реттейтін бай­ланыс магнаттарының бағасындағы айыр­ма­шылық жер мен көктей. Сондықтан, ме­нің­ше, осы ұялы байланыс нарығына бір рет­т­ілік енгізіп, талапты қатаңдату керек.
Расымен де, табыс табу дегеннен шы­ғады, күні кеше еліміздің статистика агент­тігі қазақстандық ұялы байланыс опе­раторларының табыстары жыл сайын өсіп отырғаны жайлы ақпарат тартты. Дерек­тер­ге жүгінсек, 2010 жылдың қаңтар-жел­тоқсан айларында қазақстандық ұялы байланыс операторлары 271 752,8 млн теңгенің қызметін көрсеткен. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ, олар барлығы 237 899 млн теңге табыс тапқан. Оның ішінде қалааралық телефон байла­ны­сына – 3822,6 млн теңге, жергілікті телефон байланысына – 3015,1 млн теңге, де­ректерді беруге – 849,6 млн теңге, ин­тер­нет желісіне қолжетімділікке 4957,2 млн теңге, мобилді байланысқа – 24 131,4 млн теңге, өзге де байланыс қызметіне 5446,0 млн теңге тиесілі. Бір ғана «Кар-Тел» компаниясының өткен жылғы таза та­бысы 71 миллион долларды құраған.

Түйін
Аңдасақ, қазақстандықтар қар­жыларын салу арқылы ұялы нарықтың да көрігін қыздырып жатыр. Біреулер бірлікке қаржысын үнемдеп ұстаса, енді біреудің, расымен де, «бірліксіз тірлігі бітпейді». Дегенмен өзге елдермен салыс­тырғанда ұялы байланыс қызметін тұтынудың бағасы бізде тым қымбат. Бұл жайында бүгінде «қалтасы қалың, қаржысы мол» деген бай-манаптар да сөз ете бастады. Тіптен шенеуніктердің де ұялы нарыққа деген өкпесі қара қазандай. Бұ­ған қатысты Мәжіліс депутаттарының біразы ұялы телефонның бағасына, мем­лекеттік тілді менсіне қоймайтын тілдік құрылысына, желі ішіндегі сөйлесу сапа­сы­ның әлсіздігіне сын айтып жүргелі біраз болды. Ендігі кезекте ұялы телефон қыз­метіне қатысты қатаң заң қабылдау қажет. Бұл ретте қайсыбір сарапшылар «Біз ұялы нарықтағы мешкейлікті заңмен тыймасақ, аталмыш нарық қызметі қа­ра­пайым халықтың қалтасындағы қаржысын қақшып алуын тоқтатпайды. Осы әре­кеттері арқылы белгілі біреулер байлыққа кенеліп отыр. Ал бұл – қарапайым халық­тың батпандай соры. Сондықтан бақылауды күшейткен абзал» дейді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста