Тендерді жеңген компания құрылысты неге өзі жүргізбейді?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Құрылыс компаниялары­ның кәсіби біліктілігінің тө­мендігі мен өз ісіне салақтығы сал­дарынан елімізде сапа­сыз үйлер көбеюде. Тіпті кей­­бі­рі салынып біте сала тұ­­ру­ға жарамсыз деп та­бы­­лып жа­тыр. Қызылжар қа­­ласында осын­дай тоғыз қа­батты екі бас­пананың жы­ры бітер емес. Құқық қор­ғау­шы­­лар да тексерістен әбден шар­ша­ға­нын айтады, ал құ­рылысы аяқ­­талып, бірақ пай­да­лануға бе­рілмеген үйлерге ұры түсе бас­тапты.
Елімізде құрылыс қарқынды жүріп жат­қаны қуантады, алайда сан көп болға­ны­мен, сапа нашар. Қызылжар қаласында са­лынған қос бірдей тоғыз қабатты үйде жүр­гізілген тексеріс нәтижесіне қарап, жо­балық-сметалық құжаттар мен нақты ат­қа­рылған іс арасындағы алшақтықты анық аңғарамыз. Мысалы, 90 пәтерлі үй­де 19 064 083 теңгенің жұмысы атқа­рыл­мағаны анықталған, ал 120 пәтерлік екін­ші бас­па­нада 44 024 239 теңгенің ауыт­­қушылығы анық­талған. Құрылыс компаниясы бұл ақ­ша қайда жұмсалғанын дәлелдеп бере ал­мапты.
Ал осы екі баспананы салу кезінде жо­ба және құрылыс нормалары да өрескел бұ­зылған. Осының зардабын талай жыл бас­пана кезегінде тұрып, қолы әзер жеткен аға­йын көріп отыр. Апатты үй тұр­ғын­да­рының  арасында Ұлы Отан соғысының ар­дагерлері де бар екен. Сұрапыл соғыс жыл­дары жаудың оғынан аман қалған ақсақал үй құлап, үйіндінің астында қалам ба деп қорқып отыр.
Әшім ШАМҒҰНОВ, Ұлы Отан соғы­сы­ның ардагері:
– Ұзақ жыл үй кезегінде тұрып ал­ған баспанамыз – осы. Ардагер деп құр­­меттеп маған берген үй ғой. Алайда жа­ңасы не керек, крандардан, құбыр­дан­ да су ақты. Унитаздан су кете берді. Түгел айырбастадық. Есікке дейін айырбастадық. Өз қаржымызға біраз жөндедік. Ақша көп кетті.

Сапасыз құрылыс тұрғындарды әбден мезі қылған. Қабырғалар мен төбе жарылып, сылақ қопарылып түсіп жатыр. Шеткі пәтерлердің қабырғасын көк басқан. Олардың сөзіне қарағанда, жеделсаты да апаттық жағдайда тұр екен.
Кәрім ТӨКЕНОВ, мүгедек:
– Өзім мүгедекпін. Жеделсаты істен шыққан соң, далаға кіріп-шыға алмай қалдым. Міне бүгін далаға шық­па­ға­ныма бір ай болыпты. Енді жеделсатыны істегенде ғана шығамын. Оны өзіміз ақ­ша жинап жөндейміз, алайда қайта­дан істемей қалады. Қазір апаттық жағ­дайда тұр.

Бұған дейін жасалған сараптама нәти­же­сінде 90 пәтерлік үй тұруға жарам­ды деп танылып, ол пайдалануға берілген бо­латын. Алайда осыдан бір жыл бұрын ке­нет­­тен қылмыстық іс қозғалған. Про­ку­рор­лардың айтуынша, іс қазір уақытша тоқ­­татылыпты, қос нысанда қосымша сот құ­рылыс-экономикалық сараптама жа­сал­мақшы екен. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды қаласынан арнайы ма­ман­дар шақыртылып отыр. 
Ал 120 пәтерлік үйдің құрылысы аяқ­талғанымен, пайдалануға беруге рұқсат жоқ. Сондықтан қараусыз қалған нысан ұрылардың оңай олжасына айналған сы­ңайлы. Көрші үйдің тұрғындары белгісіз біреулер құрылыс материалдарын тасып әкетіп жатқандығын айтады. Қос нысанның құрылысына 900 миллион теңге жұм­сал­ған.
Владислав ВАЦКОВСКИЙ, Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры:
– Бұл – ірі нысандар. Сондықтан олар­ды зерттеуге  уақыт көп кетеді. Жуыр­да үшінші рет сараптама жасау жө­ніндегі шешім қабылданды. Сон­дықтан қылмыстық іс уақытша тоқ­та­тылды. Сараптама нәтижесі белгілі бол­ған соң іс қайта қаралып, айып­тылар жазаланатын болады. Тұрғын үй­лерге қатысты да нақты бір шешім сол кезде шығарылады.

Бір ескеретін жайт, 90 пәтерлі үйді ар­на­йы комиссия тексеріп барып қабылдап алған. Алайда қолдарын қойған комиссия мүшелері ай қарап, жұлдыз санап жүрген бе дейсің? Тіпті құрылысқа жауапты бас мердігер мен тапсырыс беруші әкімдіктің ым-жымы бір болуы да мүмкін.
Ал, негізінен, Қазақстанға кәсіби құ­ры­лыс компаниялары қажет-ақ. Бүгінде олар­дың саны аз, әсіресе аймақтарда ах­уал нашар. Тендерді жеңіп алған құрылыс ком­паниясы баспананы түгел өзі тұрғызып шығатын жағдай өте сирек. Бас мердігер бюджеттен бөлінген ақшаның белгілі бір бөлігін қалтасына басып, қалғанын басқа мердігерге тапсырады. Ол да өз үлесін алады, ал ақырында құрылысқа арзан ма­териалдар пайдаланылып, сапасы сын кө­термей жатады. Сондықтан тендерді ар­найы техникасы, білікті маманы бар ком­панияларға беріп және құрылысты ана­ған-мынаған итере салмай, өзі ғана аяқ­тауын заңмен міндеттеу керек сияқты. Әйт­пеген жағдайда миллиондаған қаржы кө­рінген көк аттының қалтасында кетіп жа­тыр, ал құрылысы аяқталған жаңа үйлердің өзі құлап қалуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста