Тарихтан орын алған «Алдынғы даму жолынан тәуелділік» жөніндегі бір пікір

«Алдынғы даму жолынан тәуелділік» экономикалық теорияға тарихи зерттеулер сферынан келген идея. Физика және математика ғылымдарындағы «хаос» теориясымен байланысты. «Алдыңғы дамудан тәуелділік» теориясы ретсіздіктен реттіліктің өзін өзі ұйымдастыру теориясын жасаған белгілі химик Илья Пригожиннің идеяларымен тығыз және терең байланысты. Синергетика парадигмасына негізделген. Мазмұны жағынан қоғамның дамуы қатаң түрдегі алғышарттармен анықталмайды, алдынғы дамудан тәуелділік бар дегенді білдіреді.

Path dependence (Алдынғы дамудан тәуелділік) жалпы экономикалық жүйелер теориясымен де тығыз байланысты. Экономистердің алдыңғы дамудан тәуелділік туралы пікір таласында осы аспектіге С.В. Цирель назар аударды. Оның пікірі бойынша әртүрлі стандарттардың қатар өмір сүру проблемасын түсіну үшін, күрделі жүйелердің төменгі және жоғарғы деңгейлеріндегі әртүрліліктің кері байланыстарын қолдану керек. Бір стандарттың екінші стандарттан артықшылығы оны қолданатын тауарлар мөлшерінің көптігіне байланысты екен. Path dependence теориясындағы маңызды бағыт - әлеуметтік экономикалық дамудағы кездейсоқ факторлардың рөлін ұғындыру. Бифуркация кезіндегі «жағдайдың» рөлі үлкен. Бірақ аттрактор бойынша қозғалыс кезінде мардымсыз, көңіл аударарлықтай дәнеңесі жоқ. Кез келген жаңа стандартты қалыптастыру - бифуркация сәті, сондықтан кездейсоқтық бұл жерде үлкен рөл атқарады. Мәселен ақша-несие есептеу жүйесін таңдау бұрынғы таңдалған нарықтық жүйе шеңберінде іске асады. Осы орайда, өз тарапымыздан қосатынымыз «қуа дамып» келе жатқан мемлекеттердің қоғамдық өмірінде жеке тұлғалардың маңызы үлкен. Тарихи тұлғалардың өмірге келуі мен олардың өмірден кетуі де кездейсоқ жағдайларға жатады. Тіпті баланың анасына немесе әкесіне тартуы кездейсоқ жағдай. Себебі оны ешкім дөп басып алдын ала айта алмайды. Әрдайым бұрынғыша бола бермес, бір биеден ала да туады, құла да туады деген сөз де бар.

 


Сондықтан қоғамдық өмірдегі болып жатқан жағдайларды кездейсоқ емес деп айту өте қиын. Оқиға кездейсоқ болмау үшін оның пайда болу алгоритмін алдын ала көрсете алуымыз керек. Егер оның пайда болу алгоритмі алдын ала дайын болмаса оқиғаны кездейсоқ деп есептейміз. «Қуа даму» (догоняющее развитие) елдерінде кездейсоқтық өте маңызды. Себебі бұл елдерде модернизация тек қана «төменнен» емес сонымен бірге «жоғарыдан» жүргізіледі. Жеке адамдардың қоғамдағы рөлі жоғары болу керек.


«Алдынғы дамудан тәуелділікке» тағы бір мысал келтірейік. Жеке тұлғаның болашақта кім болуы кездейсоқтық еместігін келесі мысалдан көруге болады. Бала жаңадан өмірге келгенде оның кіндігін әдетте талайды көрген, өмірдің ащы - тұщысын татқан әжелер кеседі. Себебі, бала өмірге келе салысымен, қандай да бір сәтте болашақтағы өзгерістерін өте тез қайталайды, ишарат білдіріп, белгі береді. Сонда тәжірибесі мол әжелер көз қиығын тігіп, өмір өнегесінен көріп, болашақта нәрестенің кімге тартатынын байқап, баланың ата анасына сездіріп, жанамалап өз ойларын айтып, аңғартады. Осыдан баланың болашақта қандай азамат болатыны байқалады.


Биік мақсат: терең білім мен ғылым адамның табиғи болмысын өзгертеді. Мәселен момын бала білімді бола келе болашақта азулы азаматқа айналады. Керісінше өткір бала білім алу кезінде сәтсіздікке ұшыраса есейгенде кезде жүнжіп кетуі мүмкін.


Сондықтан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген зерделі, асыл сөз, қазақ халықының тамаша ақылы мен табылған ойы, даналығы. Осы бір санамен айтылған, білімдіден шыққан сөз кездейсоқтықты заңдылыққа айналдыратын сияқты. Заманауи зерттеулерге сүйенсек, жастар жиырма бес жасқа дейін білімдерін жетілдіру керек екен. Сонда ғана олар кемелденген азамат болып, болашақта елін өрге сүйрейтін тұлғаға айналады, даңғыл жолға шығады екен.


Тоқ етерін айтқанда, бұл реформаның ең үлкені, себебі ол тек қана экономикаға әсер етпейді, сонымен бірге қоғамдық өмірдің барлық саласын түрлендіреді. Елді жоғары даму сатысына шығарады. Рухани жаңғыру дегеніміз осы. Ең басты мәселе ретінде айтатынымыз, біз жастарға классикалық фундаментальды білім беруіміз керек. Ең дұрысы және ең басты жұмыс осы. Бұған дәлел айтсақ, барша халық мойындап отырған көрнекті қайраткерлер, Алаш Ардақтылары. Олардың барлығы терең білім алған, қабілеті өте мол азаматтар. Оны біз ұзақ уақыт бойы интеллектуалдық күшін сарп етіп жазған еңбектерінен байқаймыз. Білімділік арқасында бодан болған елін өрге сүйреп, тәуелдсіздікке жетелеген идеялар қалдырды. Алаш Ардақтыларының өнегелі екенін біліп, үлгі ету қажет! Осыны өмір бақи ұмытпай, мәңгі есте тұту керек! Ол кісілердің аруақтарына бас иуіміз керек!


Баланың бұрынғы өткен туысқандарының біреуіне немесе әкесіне, шешесіне, атасына, апасына тартуы да алдыңғы дамуға тәуелділіктің бір түрі деуге болады. Әсіресе, оның мінез құлқы ата-бабаларына тартып, оның өмір сүріп жатқан заманымен үйлесуі мүмкін. Сөйтіп осындай сәйкессіздіктен қарама қайшылық туады. Бұл қарама - қайшылықты жеңіп шығу оңай емес. Ол үшін адамға үлкен жігер қайрат керек. Бәлкім, осыдан үлкендерден қалған тағы бір өсиет «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген сөз. Бір қарағанда, жүрген ортаға сай келу, айналасындағылармен үйлесе білу, заманына тынысына лайық болу керектігін білдіреді. Өз заманының перзенті болу деген сөз. Бұл сөзді жаман мағынада түсінудің қажеті жоқ. Мағынасы мінезің бұрынғыға тартса да өз заманыңа бейімдел деген сөз. Бір екі сөзбен тұжырымдап айтқанда, заманына қарай бейімделу, аянбай жұмысты жүйелі істеу, жеңіске жету жолында әрекеттену, нәтиже шығаруды көздеу адамға үлкен сәттілік әкеледі, ісі оңға басып, тасы өрге домалайды.

 

Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
Экономика ғылымдарының докторы,
Алматы технологиялық университеті,
Сорбонна - Қазақстан институтының
профессоры

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста