Саудаласу үшін де құқықтық сауаттылық керек

Егер деректерге көз сүзсек, елімізде тұтынушылардың 73 пайызы отандық сауда-саттық саласының жұмысына разы емес. Тұтынушылардың құқын қорғау бірлестіктерінің жүргізген сауалнамасы осыны айқындайды. Бір қызығы, тұтынушылардың дені қара базардағы саудаға емес, қаладағы ірі супермаркеттер мен дүкендердің сауда-саттық жүргізу жұмыстарына қанағаттанбай отыр.
Мәселен, біз күні бүгінге дейін «таразы­дан кем өлшеу, тұтынушы алатын затты кем салу, затты ескі безбен таразылар арқылы өлшеп пайда табу тек базар саудагерлеріне тән қылық» деп оған үйренісіп те кеттік. Ал мұндай алдау түрлері қазірде ірі супер­маркеттерде де орын ала бастаған. Тіпті қайсыбір супермаркеттер тауарлардың бағасы жазылған штрихкодтарды өзгерту арқылы пайда табуға көшкен. Бұған қа­тысты айтарымыз, мысалы, тұтынушы бір қорап шоколад алғысы келді делік, сөреде әлгі шоколадтың бағасы 120 теңге деп көрсетілген болса, сатушы шоко­ладтың штрихкодын кассаға сап кеп жі­бер­генде тауар бағасы экраннан 220 бол­маса 260 теңгені көрсетуі ғажап емес. Мұндайда тауар бағасы бірден екі есеге дейін өсіп шыға келеді. Бұған қатысты «Адал» тұтыну­шылардың құқын қорғау бірлестігінің төрайымы Артық Сейіт­қалиева:
– Осындай жайтқа ұшырай қалса, тұтынушылардың көбі «тауар бағасы сөреде қате жазылған болды ғой» деп аса мән бермеушілікке салынады. Айналып келгенде, бұл жерде өрескел заңбұзушылық жатыр. Заңдылық бойынша сөредегі баға мен кассада көрсетілетін экрандағы баға сәйкес болуы керек. Бұл жерде тауардың штрихкоды әдейі алмастырылған болуы да мүмкін. Ондайда жаңағы шоколадтың бағасы шынымен де 120 теңге болып, штрихкодтың ауысуына байланысты сіз басқа қымбат тауардың бағасын төлеген боласыз. Сондықтан бұл жерде дереу супермаркеттің әкімшілігіне шағым айтып, бұлай алдаудың заң жүзінде алаяқтық екенін түсіндіруге тырысыңыз, – дейді.
 Ал енді супермаркеттердің қулық-сұмдығы өз алдына делік, «тұтынушыны сатушылар қалай «қап» дегізеді» дегенге келсек... Әрине, кеңестік кезеңде арнайы оқу орнын бітірген, сауда-саттық мәдение­тінен хабар-ошары бар мамандар ғана арнайы еңбек кітапшасын алып дүкенге сатушы болып қызметке орналасатын. Ол кездерде сатушылық та білдей бір қыз­меттен кем емес-тін. Қазір керісінше, сатып тұрған тауарының сапасынан, қайда өнді­рілгенінен, қандай тауар екенінен, тіпті тауар бағамынан мүлде бейхабар сатушы­лар жетіп-артылады.
Бұл ретте тұтынушылардың құқын қорғау бірлестігінің мамандары қазірде сол сатушылар тұтынушыны сан соқтыруда, негізінен мынадай амал-тәсілдерді көп қолданатынын алға тартады:
• Егер сіздің қапшыққа салынған за­тыңызды сатушы электронды таразыға еппен қоймай, екпінмен лақтырып қойса, бұдан күдіктенген абзал. Себебі элек­тронды таразыға зат екпінмен түссе, онда зат­тың салмағы тым артық болып көрінеді. Бұдан сіз бірнеше есе желінесіз. Бұл – бір.
• Екінші, сатушы бір тауар бағасына бір­неше баға қойып жалған айтуы мүмкін. Осы­ны зерттеуге тырысыңыз.
• Үшінші, үйіңізге жақын маңдағы дү­кенге балаңызды жібермеңіз. Сатушылар мұндай мүмкіндікті де құр жібермей, бала­ның қолына салмағы аз, сапасыз, жарам­дылық мерзімі өткен тауарды ұстата салуы әбден мүмкін.
• Төртінші, дүкенге барғанда таразы­ның беті өзіңізге қарап тұрғанына назар ау­да­ры­ңыз. Егер таразы басы сатушыға қарап тұр­ған болса, оны ескертуге құқы­лы­сыз.
• Бесінші, чек талап етіңіз және кассадан ұзамай алған затыңызды чектің бағасымен салыстырыңыз. Қайсыбір сату­шылар чектің ішіне алмаған тауарыңызды басып жіберуі де ғажап емес.
• Алтыншы, сатушының сөзуарлығынан сақтаныңыз, қайсыбір сатушылар өзара әң­гі­мелесу арқылы таразыдан жеп, жарам­сыз тауарды сөмкеңізге тоғытып жіберуі мүм­кін.
Міне, мамандар сатушылардың осын­дай әрекеттері тұтынушыны үнемі сан соқ­тырып жататынын, сондай-ақ мұндай жағ­дайға тап болғанда мәселені сол жерде ушық­­­тырмай шешу қажеттігін алға тар­тады.

Жадынама
Қаперіңізде жүрсін, негізінен, сауда-саттық саласына қатысты тұтынушы алдымен тауарды ұсынушымен тең құқылы екенін білгені жөн. Егер тұтынушы өнімді сұранысына қарай сатып ала алмағанына көзі жетсе, дереу тұтынушылардың құқын қорғайтын органдарға хабарласуы керек. Бұған қоса сауда жасайтын сәтте жоспарлы саудаға баса назар аударған жөн. Жасайтын саудаңыз жоспарлы болса, бұған қоса сауда-саттық жасарда «шынымен де осы зат маған қажет пе» дегенді ой таразысына сала білсеңіз, әмияныңыз да, өзіңіз де қаржыдан тарықпасыңыз анық. Бастысы, сауда-саттық жасағанда да құқықтық сауатты болу керектігі даусыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста